Жаңалықтар

Ақтауда этнос өкілдері меклекеттік тіл саясатын талқылады

Ақтауда этнос өкілдері меклекеттік тіл саясатын талқылады
11.09.2018 06:33 1970

Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасы аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Тілдер мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.

Оған «31 арна» телеарнасының журналисі, «Айта берсін» бағдарламасының авторы  және жүргізушісі Анна Данченко және жеке кәсіпкер Орхан Салахов қатысты.

Кездесу қонақтары мемлекеттік тілдің қоғамда алатын маңызды рөлі төңірегінде ой өрбітіп, кездесуге келген жастармен қазақ тілінде емін-еркін сөйлесіп, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. 

Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсем Әшірова қонақтарға Маңғыстау облысы әкімінің атынан Алғыс хат табыстады. Кездесу соңында меймандар мен жастар бірлесіп естелікке суретке түсті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға