Ақтаудың Достық үйінде «Ұлт қазынасы – Бірлік» тақырыбында этно-мәдени бірлестіктер арасында қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау бойынша сайыс өтті.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Ортаға қазақ ауылын бейнелейтін сахна іспеттес киіз үй құрылып, қазақтың ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылды.
Сайысқа облыстағы жиырма этномәдени бірлестік өкілдері 4 ауылға бөлініп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттаудан сайысқа түсті.

Байқау соңында қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.


