Ақтауда ер адамның көлігінен 152 келі бекіре балығы табылды
02.09.2022 19:35
Фото:
baq.kz
Ақтау – Форт-Шевченко тасжолында келе жатқан көлікті тоқтатып, тексеру барысында 152 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz
«31 тамыз сағат 22:50 шамасында Полиция департаменті ротасының қызметкері Ақтау - Форт-Шевченко тасжолының 100/32 шақырымында Mitsubishi Delica автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында 152 келіні құрайтын 34 дана бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді», - деді Полиция департаментінен.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін кінәліге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

