«Ақтау теңіз сауда портының» даму жоспары бекітілді
16.06.2022 10:43
Фото:
traceca-org.org
«Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі 2032 жылға дейінгі даму жоспарын бекітті, деп хабарлайды El.kz Есеп комитетіне сілтеме жасап.
2020 жылғы қазанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит барысында «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ Даму стратегиясының жоқтығы анықталды. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға анықталған бұзушылықты жою жөнінде тапсырма берілген болатын. Есеп комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылғы 6 мамырда «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі 2032 жылға дейінгі даму стратегиясын бекітті, делінген хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

