Жаңалықтар

Ақтау перзентханасында жаңа туған сәбилерге домбыра үлестірілді

Акция Ақтау қалалық перинаталды орталығында өтті.
Ақтау перзентханасында жаңа туған сәбилерге домбыра үлестірілді
02.07.2022 03:29 1513

Ақтауда «Домбыра-дастан» акциясы өтті, деп хабарлайды Еl.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Ақтауда ұлттық домбыра күніне орай Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Домбыра — дастан» акциясын өткізді.

Шара аясында перинаталдық орталықта жатқан аналар мен олардың нәрестелеріне қазақтың қара домбырасы сыйға берілді.

Акция Ақтау қалалық перинаталды орталығында өтті.

Іс-шараға облыстық Ассамблеяның қоғамдық орынбасары, әзербайжан ЭМБ төрағасы Шамсадин Гусейнов, МО ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Тангиев Джамбулат, аналар кеңесінің төрағасы Аманкүл Джайлханова, МО ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары, аналар кеңесінің мүшесі Зарета Фаталиева, ҚХА ардагерлер кеңесінің мүшесі Раиса Маденова, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер Медет пен Индира қатысты.

Шара ұйымдастырушылары аналар мен олардың нәрестесіне домбыра, балаларға арналған киім, кондитерлік және сүт өнімдерін табыс етті.

Сондай-ақ Ақтау қалалық перинаталдық орталығының қызметкерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан естелік сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, елімізде шілденің бірінші жексенбісі көне музыкалық аспап – домбыра мерекесін атап өтеді.

Бұл күн қазақстандық қоғамды мәдени мұраның құндылықтары мен жасампаз идеяларының айналасына топтастыру мақсатында құрылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға