Ақтау қаласында 2 жасөспірім құтқарылды
Ақтау қаласында 2 жасөспірім құтқарылды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
9 тамызда кешкі мезгілде Ақтау қаласы 4-ші шағын ауданы Каспий теңізі жағалауында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының қызметкерлері тыйым салынған жерде шомылып жүрген 2011 жылы туған 2 жасөспірімді судан құтқарып қалған.Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарушылар кәмелет жасқа толмаған балаларды құтқару операциясын үгіт –насихат жұмыстарын жүргізу барысында орындаған.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және төмендегі ережелерді орындауды сұрайды:
- жабдықталмаған және тексерілмеген шомылу орындарында шомылуға және суға түсуге болмайды, өйткені түбінде тастар, қоқыс және басқа да қауіпті заттар болуы мүмкін;
- ішімдік ішіп суға түсіден аулақ болыңыз;
- суға шомылу мезгілінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- суға шомылу кезінде жағажайдан алысқа жүзбеңіз;
- тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
- су айдындарын ластамаңыз және қоқыстамаңыз.