Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында қаза болған жауынгерге ескерткіш тақта орнатылды

Қаңтар оқиғасында қаза болған жауынгерге ескерткіш тақта орнатылды
28.06.2022 01:28 2676

Бүгін Қарағанды қаласында қаңтар оқиғасында қаза болған Ұлттық ұлан сарбазы Мадияр Қайсаровтың құрметіне мемориал тақтасы ашылды. Естелік тақта сарбаздың үйінің қабырғасына орнатылып, гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мадиярдың ерлігі - бәрімізге үлгі. Еліміздің басына күн туған кезде қаншама сарбаз сапта тұрып еліміздің тыныштығы үшін аянбай тер төкті. Олардың игі ісі жадымыздан өшпейді, - деп атап өтті Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. 

Салтанатты іс-шараға Қарағанды қаласының әкімдігі, діни басқарма өкілдері мен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері келді. 

Елін қорғау жолында өз жанының амандығын ойламай, лаңкеске қарсы төтеп беріп, ержүрек әрекетімен қаза болған қарулас бауырымыздың есімі мәңгі ұлықталады. Өз антына адал болғандарға мәңгілік тағзым!, - деп «Орталық» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Қанат Беляков. 

Іс-шара барысында сарбаздың әкесі Оразалы Қайсарұылы сөз алып, жасалып жатқан қолдауға ризашылығын білдірді. Салтанатты іс-шара мемориал алдына гүл шоқтарын қойып, сап түзеген сарбаздардың маршымен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға