Қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам көз жұмған
29.06.2022 12:35
Фото:
inform.kz
Қаңтар оқиғасынан кейін азаптау фактілері бойынша 15 қызметкер күдікке ілінді. Қазір соның ішінде тоғызы қамауда отыр. Бұл туралы бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, – деп хабарлайды El.kz порталы Sputnik Қазақстан -ға сілтеме жасап.
Шындалиевтің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам көз жұмған. Ал тағы алты адам түрмедегі азаптаулардан кейін қаза болды.
– Қазіргі таңда азаптау бойынша 15 адам күдікті деп танылды. Соның ішінде тоғызы қамауда отыр. Олардың сегізі – ұлттық қауіпсіздік комитетінен, біреуі полициядан, – деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.
Қалғандары бостандықта, оларға ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Шындалиев тергеу әлі жүріп жатқанын айтты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

