Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Жасырын қару сақталған 120 орын жойылды

41 мыңнан астам оқ-дәрі заңсыз айналымнан алынды
Қаңтар оқиғасы: Жасырын қару сақталған 120 орын жойылды
Фото: ашық дереккөз 30.06.2022 17:54 1580

Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен рифингте айтты, деп хабарлайды El.kz

Оның айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар мен бизнес субъектілерінің құны 343 млн теңгеден артық ұрланған мүлкі алып қойылды, оның ішінде 12 автомашина, тұрмыстық техниканың 317 бірлігі, 189 зергерлік бұйым, 286 ұялы телефон, 16 млн-нан астам теңге, киімнің 550 бірлігі.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішкі істер органдарының негізгі міндеттерінің бірі, осыған байланысты бұрын жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қаруды іздеу мен алып қою бойынша мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда. Бүгінгі таңда қарудың 1640 бірлігі мен 41 мыңнан астам оқ-дәрі анықталып, заңсыз айналымнан алынды. Оның ішінде:10 граната атқыш, 6 оқ атқыш, 164 автомат, 362 тапанша, 235 жарақаттайтын және газды қару, 78 суық қару. Тек өткен 2 апта ішінде қарудың 50-ден астам бірлігі алынды. Қаруды жасырын сақтаудың 120 орны жойылды, - деді Санжар Әділов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға