Жаңалықтар

Қаңтар қасіретіне қатысы бар 377 күдіктінің тергеуі аяқталды

Қаңтар қасіретіне қатысы бар 377 күдіктінің тергеуі аяқталды
11.04.2022 17:03 2437

Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Орталық Коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңындағы өткен баспасөз маслихатында ресми мәлімдеме жасады.

– Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының тергеушілері 1090 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізген. Бұл ретте 165 адам күзетпен ұсталды. Олардың барлығы мән-жайды анықтау кезінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған. Жеке басын ескере отырып, бірінші рет қылмыс жасап, кінәсін мойындаған 315 адам босатылды. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа берілді, – дейді Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

ІІМ Тергеу департаментінің бастығының мәліметіне сенсек олардың көпшілігі ұрлық жасағандар. Қарудың заңсыз айналымында күдіктілер – 39, ұсақ-түйек жымқыруды жасағандар – 3, ұрлық жасаған адамдар саны – 196.

– Бүгінгі таңда 568 адам сотталды. Олардың ішінен 147 адам өкінетінін, келтірілген зардаптың орнын толтыру бойынша қабылданған шараларын ескере және адамгершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қоғаммен оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау жазаларына сотталды. Сотталған адамдардың кінәсі негізінен қылмысты жасау орындарынан алынған бейнежазбалар, куәлар мен көзбен көрген көрсетпелер және алынған заттай айғақтармен дәлелденген, – дейді Санжар Аскенұлы.

Тергеу департаментінің бастығының сөзінше қылмыстық істер өндірісте, аяқталу кезеңінде дәлелдемелерді жинау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама зерттеу нәтижелері күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға