Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен шағын және орта бизнестерге өтемақы төленді ме?

Бүгінгі күні Шымкент қаласы бойынша жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен барлық кәсіп иелеріне өтемақы төленген
Қаңтар оқиғасында зардап шеккен шағын және орта бизнестерге өтемақы төленді ме?
Фото: vlast.kz 06.08.2022 14:03 1244

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен шағын және орта бизнестерге өтемақы төленді ме? Бұл туралы El.kz порталы 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Ел тарихында қара таңба болып қалған қаңтар оқиғасынан бері жарты жылдан астам уақыт өтті. Қоғамды тәртіпсіздік жайлаған сол күндері республика бойынша мыңдаған кәсіпкер зардап шекті. Жалпы шығын 100 миллиард теңгеден асады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл іске қатысты жедел бағалау жүргізіп, шағын және орта бизнеске өтемақы төлеуді тапсырған болатын.

Қаңтардың басында дүрбелең болған қаланың бірі – Шымкент. Бүлік кезінде қалада 50 - ге жуық нысан қирады. Жарты жылда кәсіпкерлердің басым бөлігі қайта аяққа тұрып кәсібін жалғастырып жатыр. Әлі күнге дейін әкімдік жағалап жүргендер де бар. Қаңтар оқиғасы кезінде астаң-кесеңі шыққан көшеде бизнес нысандардың шынысын шағып, ішін тонап кеткен.

Бір түнде кәсібінен айырылған кәсіпкердің бірі – Өтебек Жақсыбекұлы. Ол бірнеше жылдан бері автокөлік бөлшектерін сатуды кәсіпке айналдырған. Қатарында киім және өзге де тауар сататын бірнеше дүкен болған. Барлығы тоналған.

«Жалпы шығын 4 млн 480 мың болды. Сынған есік, терезе болған жоқ. Тәуелсіз аудиттің есебімен дәлелденіп шығын шығарылды. Ақшаны осы тамыз айында алдым», – деді шымкенттік кәсіпкер.

Қалалық кәсіпкерлер палатасына 37 кәсіпкер ресми түрде нысандарына зардап шеккендігі жөнінде хабарласқан.

«Бүгінгі күні 37 кәсіпкер 275 млн-ға жуық соммаға зардап шеккенін айтқан болатын. Оның ішінде қаражаттары, тоналған заттары болған. Негізінен  әкімдікке залалын өтеуге 18 кәсіпкер өтінімдерін тапсырған. Сол 18 кәсіпкерге мақұлданған соммасы 108 млн-ға жуық сомманы құрады. Бүгінгі күнде барлық өтемақысы төленді», – деді Қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сабира Адамбекова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға