Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама.
Пәні: Қазақстан тарихы
Мерзімі
12.09.2014
Тақырыбы
ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы, жоңғар хандығы туралы жалпы мəліметтер, жоңғар шапқыншылығының себептері, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама....» жылдары
Мақсаты
Жоңғар мемлекеті және Жоңғар мемлекетінің қазақ жеріне шапқыншылығы туралы ақпаратты игере отырып, себептері мен салдарын айқындауға дағдыланады.
Күтілетін нәтиже
-
Жоңғар мемлекетінің құрылуын түсіндіре алады.
-
Екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайын салыстыруға үйренеді.
-
Жоңғар мемлекетінің шабуылдау себептерін айқындай алады.
-
Жоңғар хандығының жеңуіне ықпал еткен сәтті факторларды айқындап, қонтайшы қызметіне баға береді.
Қажетті құралдар
Оқулық, проектр, постер, маркерлер, бағалау парақтары, номірленген пейджиктер, смайликтер, тапсырма парақтары
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыты
Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Сабаққа дайындығын реттейді.
2 мин
Білу
«Жарнама» беті арқылы
үй тапсырмасын сұрау
Топтастыру. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» жырының жолдары арқылы оқушыларды топтастыру
Оқушылар өз білімдерін «Жарнама» жолымен тексереді. Бір үзігін таңдаған оқушы артында жазылған сөзді не датаны тікелей айтып емес, түсіндіре отырып оқушыларды дұрыс жауапқа жетелеуі тиіс.
Қожаберген жыраудың өлең жолдары арқылы топтасады.
12 мин
Сұрақты дұрыс түсіндіре білген оқушы әрі дұрыс жауап берген оқушы стикер жинақтайды
Түсіну және қолдану
«JIGSAW» әдісі
Топтарға тақырып бөлініп беріледі. Оқыту және талқылауға тапсырма беру. Плакатқа негізгі деректер түсіргізу.
Қорғаушыны белгілету.
Топ ішінде тақырыпты оқып, бір-бірлеріне түсіндіреді.
Негізгі деректерді тірек сызба не сурет арқылы бейнелейді.
Әр топтан қорғаушы тағайындалады. Сағат тілімен топтар өзге топтың тақырыбын тыңдауға барып, соңында баға береді.
16 мин
Критериалды бағалау:
Топтардың әр мүшесі бағалау парағын қолдана отырып, қорғаушы мен жұмысын бағалайды.
Талдау
«Сәйкестендіру» әдісі
«Шабуылдау себептері мен жеңілу себептерін анықтау»
Оқушыларға екі бағанаға парақшаларда берілген сөйлемдерді дұрыс орналастыруды тапсыру
Оқушылар берілген сөйлемдерді қазақтардың жеңілу себептері немесе жоғарлардың шабуылдау себептері бағаналарына сәйкес салыстыра отырып орналастырады, жіктейді. Тапсырманы орындап болған соң, неліктен осылайша сұрыптағанын тұжырымдайды.
4 мин
Ауызша түрдегі (формалды) мұғалімнің бағалауы
Жинақтау
Қазақ хандығы жоңғарлардың шабуылына тойтарыс беретіндей қандай мүмкін шешім ұсынар едіңіздер?
Бұл тығырықтан шығу амалдарын, жолдарын жасап шығарады.
4 мин
Ауызша мадақтау
«Жарайсың!» т.б.
Бағалау
Үйге тапсырма
Осы тақырып бойынша қандай қорытындыға келдіңіздер?