Жаңалықтар

Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқандар сотталды

Фото: polisia.kz
Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқандар сотталды
06.06.2022 15:45 1295

Ақтөбе облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары есірткі сатқаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұрын сотталған Ақтөбе қаласының 57 жастағы тұрғыны 2021 жылдың қаңтарында 7 қатысушыдан тұратын қылмыстық топ құрды, олар Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінен Ақтөбе облысының аумағында аса ірі мөлшерде марихуана және гашиш есірткі заттарын тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен ұзақ уақыт айналысқан. Есірткінің кезекті партиясын сату әрекеті кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары жедел уәкілдермен ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары мүшелерінен заңсыз айналымнан 25 келіден астам марихуана, сондай-ақ 5 келіден астам гашиш есірткі заттары тәркіленді, – деді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Асхат Асқаров.

Қылмыстық топтың жеті қатысушысы сот үкімімен есірткіні аса ірі мөлшерде сатқаны үшін, ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға