Жаңалықтар

Ақтөбеде «100 нақты қадамға» арналған дөңгелек үстел өткізілді

Ақтөбеде «100 нақты қадамға» арналған дөңгелек үстел өтті
03.08.2015 11:31 4745

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде  «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелері туралы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Оған облыстық білім басқармасының, техникалық және кәсіби білім беру, мектептер мен интернаттар, білім саласы орталықтарының басшылары мен өкілдері қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Дөңгелек үстелде Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі негізгі бағыттарын тарата баяндап, ұлттық комиссияның осы мәселеге қатысты атқаратын ауқымды істеріне тереңірек тоқталды. Шара барысында сөз алған Ақтөбе политехникалық колледжінің директоры Қасымбек Алдияров, Ақтөбе құрылыс және бизнес коллежінің қызметкері Қамалхан Қуан және басқалары 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту, жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру, экономиканың алты негізгі саласы үшін білікті кадрларды әзірлеу, білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру бойынша бірқатар пікірлер мен ұсыныстар айтылды.


Сатыбалды Сәуірбай

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға