Жаңалықтар

Ақтөбеде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен жарысты

Ақтөбеде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен жарысты
05.11.2019 18:04 3750

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, маңыздылығын арттыру, ақтөбелік этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген патриоттық көзқарасты жандандыру мақсатында облыстық Ассамблея ғимаратында «Қазақ елі – құтты мекенім» атты байқау өтті.

Ақтөбеде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен жарысты

Аталмыш шара Жастар жылы аясында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе қалалық ұйымының 30 жылдығы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орайластырылды.

Ақтөбеде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен жарысты

Ұлттық болмысымыз бен руханиятымыздың, тәуелсіздігіміздің басты тірегі болған қазақ тілінде поэзия оқып жарысқан байқауда 24 қатысушы бақтарын сынады. Олар әр саланың білікті мамандары мен жалынды жастары.

Ақтөбеде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен жарысты

Әр салада қызмет етіп жүрген этнос өкілдерінің басын қосқан байқау 3 бөлімнен тұрды. Алдымен қатысушылар сахнаға ұлттық киімдерімен шығып, қазақ тілінде өздерін таныстырып өтті. Одан кейін өнерпаздар кезектесіп қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына байланысты сұрақтарға жауап берді. Бұдан соң кезек өз өнерлерін көрсету бөліміне жетті. Бірі мың бұрала билесе, енді бірі әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертіп көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Ақтөбеде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен жарысты

Осылайша қанша ұлттың басын қосып, қазақ тілінде сөйлеткен шарада оқ бойы озып шыққандардың да есімдері анықталды. Нәтижесінде бас жүлде және 60 мың ақшалай сертификат жедел жәрдем фельдшері, украин қызы Анюта Трегубқа бұйырды. 1 орынды орыс қызы Светлана Афанасьева иеленді. Ал, 2 орынды Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығының» жексенбілік мектебінің оқушысы Испар Азизов пен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Инна Головнева өзара бөлісті. Сондай-ақ, 3 орынды авар ұлтының қызы Галина Мыц пен болгар қызы Анна Балмағанбетова жеңіп алды. Байқауға қатысып бақтарын сынаған барлық қатысушы жастарға Ақтөбе қаласының әкімі атынан Алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табысталды.

Ақтөбеде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен жарысты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға