Ақтөбеде белгілі журналист Нұрқайыр Телеуовтың 90 жылдығы аталып өтті
Ақтөбе қаласында Қазақстанның құрметті журналисі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ардагері Нұрқайыр Телеуовтың 90 жасқа толу кеші ұйымдастырылып өткізілді.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, осындай шығармашылық кеш өткізу арқылы аға ұрпаққа құрмет көрсету және оның еңбек өмір жолдары арқылы жастарды, еңбексүйгіштікке, қазыналы қарттарды сыйлауға тәрбиелеу мақсат тұтылған екен.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Н. Телеуов мерейтой иесінің еңбек жолы туралы баяндама жасап, бірқатар замандастары мен үзеңшілестері шынайы лебіздерін білдірді.
ҚР білім беру ісінің үздігі Ғалымжан Байдербестің айтуынша, мерейтой иесі 3-4 км жаяу жүріп, жүгіріп, әртүрлі денешынықтыру жаттығуларын жасап, күніне 2-3 сағат өзіне көңіл бөлетіндігінің арқасында ауырмай, сырқамай тоқсанның төріне жетіп отыр.
90 жасқа толыңыздар деп жастарға үлгі өнегесін, өсиетін қазіргі уақытта шыдамдылықты, сабырлықты серік етуін, уақыт бәріне төреші болатындығын айтып, жастарға жалындауға леп берді кеш соңында мерйтой иесі.