Ақтөбеде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
17.10.2018 10:04
Ақтөбеде мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсету мақсатында «Мұқтаж жандарға қол созайық» атты алғашқы қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында келген жұртшылыққа қазақ, түрік, кәріс, өзбек ұлттарының тағамдары сатылып, аукциондар ұйымдастырылды.
Шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, сахнада белгілі өнер ұжымдары өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сауапты іске қатысқан қала тұрғындары арнайы дайындалған тағамдардан дәм татып, мұқтаж жандарға іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылған жастарға жылы лебіздерін білдірді.
Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырушылары – «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ мен «Shanirag – aktobe» қайырымдылық қоры.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

