Жаңалықтар

Ақтөбе облысында көлік өртеніп, жүргізушінің денесінің 70% күйік шалды

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді
Ақтөбе облысында көлік өртеніп, жүргізушінің денесінің 70% күйік шалды
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі 29.08.2022 17:06 1308

Ақтөбе облысында автокөлік жарылып, өртенді, деп хабарлайды El.kz.

Оқиға 29 тамыз күні сағат 9:00-шамасында болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне «Авиатор» бау-бақша ұжымында көлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына 6 адам мен көлік жіберілді.
«Оқиға орнына барған кезде «Lada Granta» маркалы көлік жарылып, кейін от тұтанғаны белгілі болды. Өрт сағат 09:19-да сөндірілді. Көлік ішінде болған 60 жастағы жүргізуші денесінің 70% күйіп қалды. Жағдайы ауыр«,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам мерт болды, үш жасөспірім зардап шеккен еді.
Одан бірер күн бұрын Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылына бет алған «Lada Largus» көлігі аударылып, рульде болған 40 жастағы әйел мен 3 жолаушы, оның ішінде бір бала оқиға орнында, тағы бір жолаушы Кеңкияқ ауруханасында көз жұмды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға