Ақтөбе облысы ҚХА көп балалы және аз қамтылған отбасыларына көмектесті
03.06.2019 15:48
Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері «Қамқор» қайырымдылық акциясы аясында қаладағы көп балалы және аз қамтылған 10 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.
Қайырымдылық шарасы барысында Жұрынбаевтар, Мұстафиндер және Аймағамбетовтер және тағы басқа отбасыларға көмек көрсетілді. Өз кезегінде Мереке қарсаңында өздеріне көңіл бөліп, балалардың жүрегіне қуаныш сыйлағандары үшін ата-аналар өз алғыстарын білдірді.
Жаны жаралы жанның жасын сүртіп, ізгі ниеті, ақ пейілін аямайтын адамгершілікті биік ұстаған, жүрегі мейірімге толы, қай кезде болмасын қол ұшын беріп, көмекке даяр тұратын адамдар барда балалардың бақыты ұзағынан болады деп сенеміз, дейді шараны ұйымдастырушылар.
.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

