Жаңалықтар

Ақтөбе облыстық ҚХА Алға ауданында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын түсіндірді

Ақтөбе облыстық ҚХА Алға ауданында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын түсіндірді
20.03.2019 06:16 3278

«Мейірімділікпен бірлікке» республикалық қайырымдылық жобасы аясында және Ақтөбе облысының ҚХА «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын орындау мақсатында рухани және мәдени тарихы бай Алға ауданында бірқатар іс-шаралар өтті.      

Алға ауданы әкімінің орынбасары Қонжар Ануарбек Жеңісұлы аудандық мұражаймен, жаңадан салынған мектеп-гимназиясымен, Мәдениет ұйінің жұмысымен таныстырып өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, ауданға сапардың мақсаты – «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын халыққа түсіндіру, ҚХА және аймақтың этномәдени қызметімен танысу, «Шашу» айына қайырымдылық акциясын өткізу.

Аудандық кітапханада «Аналар Кеңесі – ұлағат мектебі» атты кездесу өтті. Әңгіме барысында өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің басты бағыттары айқындалды, олар: бай отбасылық құндылықтарын сақтау, мәдениет пен дәстүрлерді өзара байыту арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, қыз балалармен жұмыс жасаудың неғұрлым икемді және тиімді әдістерін анықтау.

Аудандық мұражайда Ақтөбе облысының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Н. Барбосынов аудан ақсақалдарымен, еңбек ардагерлерімен кездесті. Оның барысында ұжымның атқарған жұмыстары мен ағымдағы жылғы жұмыс жоспарымен бөлісті. Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының негізгі тармақтарына тоқталды.

Алға аудандық кітапханасында «Медиация-мәміле алаңы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға кәсіби емес медиаторлар, аудандық сот аппаратының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Форумның модераторы «Қоғамдық келісім» КММ сарапшы, медиатор Азиев Есенбол өз сөзінде барлық деңгейдегі соттардың шамадан тыс жүктелгенін атап өтті.

Алға мектеп-гимназиясында «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабы, Алға жастар ресурстық орталығы және мектеп әкімшілігі ұйымдастырған  «Ақтөбе жастары жаңғырту жолында» тақырыбында кездесу өтті.

Облыстық ҚХА жанындағы қозғалыс штабының төрағасы Аслан Әбуов аудан жастарын Жастар жылы аясындағы іс-шараларды ілгерілету бойынша жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

Аудандық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының назарына этномәдение бірлестіктердің қатысуымыен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шара соңында «Харекет» қайырымдылық қоры «Мейірімділікпен бірлікке» акциясы аясында көп балалы ана Гүлназ Ділмановаға пәтер кілтін табыстады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға