Жаңалықтар

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКО-ға 3152 квота бөлінді

Бағдарлама аясында пациент жылына бір рет ЭКО жасай алады
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКО-ға 3152 квота бөлінді
Фото: inform.kz 29.06.2022 14:14 2506

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2022 жылы 3152 квота бөлінді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, МӘМС аясында халыққа қолжетімді болған қызметтің бірі – экстракорпоральды ұрықтандыру немесе ЭКО процедурасы.

– 2022 жылы ЭКО бағдарламаларына 3,2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Аталған сомаға барлығы 3152 жасанды ұрықтандыру процедурасы жасалуы тиіс. Өткен 4 айда 476 ЭКО жасалып, оған 484 млн теңге төленді. Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға 8 клиника қатысып жатыр, – деді филиал директоры.

ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.

Осы бағдарлама аясында пациент жылына бір рет ЭКО жасай алады. Бүгінде елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылы елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға