Жаңалықтар

Ақордада Сердар Бердымұхамедовты салтанатты қарсы алу шарасы өтті

Ақордада Сердар Бердымұхамедовты салтанатты қарсы алу шарасы өтті
Фото: Ақорда 15.10.2022 11:45 764

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердымұхамедовты Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды El.kz.

Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Сердар Бердымұхамедов пен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Түрікменстан Президенті құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға