«Ақорда» резиденциясында Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

 Ақорда
Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz.Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Құрмет қарауылының бастығы елдер көшбасшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Ватиканның әнұрандары шырқалды. Содан кейін Президент пен Рим Папасы келіссөз жүргізу үшін «Шығыс» залына өтті.

Оқи отырыңыз