Жаңалықтар

А.Мырзахметов: 10 жылда 8 млн га жер ғана пайдалануға берілген

Жер реформасы жөніндегі Комиссия отырысы
14.05.2016 05:41 2622

А.Мырзахметов: 10 жылда 8 млн га жер ғана пайдалануға берілген

243 мың гектар егiстiкке жарамды жерлер әлi күнге дейiн қолдануға берілмей отыр. Екiншi мәселе, осы запастағы жерлердiң айналымқа қосылу динамикасы өте баяу деп айтуға болады. Осыдан он жыл бұрын запастағы жердiң көлемi, айталық, 108 млн болса, соның бар болғаны 8 миллионы ғана он жылда ауыл шаруашылығы айналымына қосылып отыр немесе әр жылда орта есеппен бар-жоғы 0,8%-ы ғана.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов келтірген деректерге сүйенсек, 2003 жылы жер Кодексi қабылданып, жеке меншiк құқығы берiлгеннен берi 13 жыл өтiпті. Орташа есеппен жылына өсiм бар болғаны 0,1 пайыз ғана, 1,3 млн гектардың бар болғаны 0,1 пайызы. Маңызды тағы бiр мәселе – жердiң кадастрлық бағасы. Елiмiзде бiр гектардың кадастрлық құны ең төменi 1700 теңге болса, суармалы егiстердегi ең қымбаты 130 мың теңге екен. Министр Жер туралы Кодекстегі өзгертулерге тоқталды.

«Түзетулерге сәйкес, кадастрлық құнын 50 пайызға төмендету жеңiлдiктерi қарастырылған болатын. Сондай-ақ, он жылға бөлiп төлеу жеңiлдiктерi болды. Мысалы, Ақмола облысында ең құнарлы жерлердiң бiрi 24 700 болса, ал 10 жылға сатқан кезде бiр жылда төлейтiн құны 2470 теңге. Әрине, бұл тек қана Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана қаралған жеңiлдiк», - дейді А.Мырзахметов.

Жердi жалға беру, жеке меншiкке беру тек бүгiн ғана талқыланып жатқан шешiм емес. 1990 жылы Қазақ совет республикасындағы Кодекс бойынша үш жылға, одан кейiн он жылға дейiнгi мерзiмге жалға берiлген. 1995 жылы қабылданған Заңда ел азаматтарымен қоса, шетелдiктерге де жалға берудiң мерзiмi 99 жыл болған.

«Алты жылдай осы норма қолданыста болды. Бiрақ, осы уақытта шетелден бiрде-бiр адам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi 99 жылға жалға алған жоқ», - дейді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға