Ақмола облысының корей этномәдени орталығына 30 жыл
19.12.2018 09:57
2582
Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орайластырылып Ақмола облысының корей этномәдени орталығының 30 жылдығына арналған іс-шаралар басталды.
Алғашқылардың бірі болып «Чинсон» корей этномәдени орталығы» облыстық филармонияда «Қазақстан – біздің туған үйіміз» мерекелік іс-шарасын өткізді. Онда кәріс халқының тарихы, олардың елімізге қоныс аударғаны, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен белгілі тұлғалары туралы естеліктер айтылды.
Сондай-ақ Корей этномәдени орталығының қызметі жайлы баяндайтын тақырыптық көрме де ұйымдастырылып, орталықтың белсенді өкілдері мен оның құрылуына зор еңбек сіңірген тұлғаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға