Жаңалықтар

Ақмола облысының аудандарында «Қазақтану» жобасымен танысуда

Ақмола облысының аудандарында «Қазақтану» жобасымен танысуда
05.10.2018 12:19 2064

Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы өткен сәрсенбі күні Біржан сал ауданына бару бастамасын жүзеге асырды.

«Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚХА «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында дәріс оқыды.

Іс-шараның мақсаты  қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын, «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасын насихаттау, жастарды ұлттық, рухани және мәдени құндылықтарды насихаттау, бойына сіңіру және қабылдау процесіне тарту.

 «Рухани жаңғыру» аясындағы өз сөздерімнің кіріспесі ретінде үнемі ұлы Абайдың рухани-адамгершілік, отбасылық құндылықтар, өскелең ұрпақ тәрбиесі мәселелері алдыңғы орында тұратын Қазақстан халқының рухани мәдениеті жөніндегі ойлар, пікірлер мен өнегелі өсиеті мол 45 «Қара сөзінен» үзінділер келтіремін. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру ісінде жасалып жатқан жұмыс та аз емес. Мысалға, қыздарға дұрыс тәрбие беру  ісіне ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің қызметі бағытталған. Бүгін біздің асық ойынынан шағын көрсетілім жасауымыз бекер емес, аталмыш бағыттағы жарыс бұнда бірінші рет өтіп отыр. Қатысушылардың арасында «Алтын сақа» халықаралық турнирінің жеңімпазы, мектеп оқушысы Құсайынова Томирис, сонымен қатар аталмыш ойын түрінен республика көлемінде өнер көрсетіп жүрген жас шеберлер бар. Спорттық сайыстарға, шеберлік сабағына, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесіне, концерттік бағдарламаға Бурабай және Біржан сал ауданының өкілдері белсенді қатысты. ҚХАА бекіткен кестесіне сәйкес, осы тұрғыдағы іс-шараны келесі жолы Атбасар, Зеренді, Сандықтау аудандарында өткізу жоспарланған», - деп Мейрамбек Қиықов шарадан алған әсерімен бөлісуде.

Айта кетерлігі, М. Қиықовтың «Алтын сақа» авторлық жобасы бүгіндері өз жемісін беріп те үлгерді, асық ойыны ұлттық спорт түрі ретінде танылып, өткен жылдың қараша айында ресми түрде ЮНЕСКО-да тіркелді. Аталмыш оқиғаның рухани-адамгершілік құндылығы мен маңыздылығы қазақ халқы үшін үлкен жетістік екендігі сөзсіз.

Бұл күнгі іс-шараның бағдарламасы өте қызықты, танымды және тығыз болды. ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова шара қонақтарын Ақтөбе қаласында өткен бірінші республикалық аналар слетінде жоғары бағаға ие болған Ассамблеяның «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» жобасымен таныстырды. Сонымет қатар ауданға келісімен, Зере Еспайқызы Аналер кеңесінің отырысын өткізіп, өңірдің ардагерлері мен жастарының кездесуін ұйымдастырып жүзеге асырылып жатқан жоба аясындағы ортақ мақсат-міндеттер жөнінде айтты.

Бес асық, асық ату ойындарынан жастар үшін өткен шеберлік сабақтарынан бөлек, Бурабай ауданының сәндәк-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі де көрермендер көңілінен шықты.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚХАА сүймелдуші-маманы Бисара Мәкенованың орындауындағы Біржан сал, Құрманғазының әндері ыстық ықыласпен қабылданып, үлкен қошеметке ие болды.

Іс-шараның барлық қатысушылары мен жеңімпаздары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға