Жаңалықтар

Ақмола облыстық ҚХА Кеңесі қоғамдық құрылымдардың жұмысын күшейтуді ұсынды

Ақмола облыстық ҚХА Кеңесі қоғамдық құрылымдардың жұмысын күшейтуді ұсынды
24.10.2019 10:56 2622

Көкшетаудағы Достық үйінде Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі өтті.

Кеңес Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаевтың жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы есебін тыңдады.

Отырыста әлеуметтік жобаларды іске асыру, этностардың тілін, мәдениетін дамыту бойынша «Ақмола облыстық «Видергебурт» немістер қоғамы», «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» қоғамдық бірлестіктерінің қызметі туралы олардың жетекшілері Светлана Корнеева мен Алекандр Суховецкий есеп берді.

Талқылау барысында этномәдени бірлестік жетекшілеріне активпен, жастармен неғұрлым нақты әрі мақсатқа сай жұмыс жүргізу, оларды толғандырған мәселелерді түсіну, мемлекеттік тілді насихаттау және оны оқып-үйренуге, Ассамблеяның әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға қатысу қажеттігіне баса назар аударылды.

Отырысты қорытындылай келе облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Марзият Тохаева Атбасар ауданының әкімдігіне қоғамдық келісім Кеңестеріне халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, Аналар кеңесін дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі диалог алаңы ретінде олардың жұмысын жандандыруды, БАҚ-та Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, оның қоғамдық құрылымдарының іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеу жұмысын күшейтуді тапсырды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға