Жаңалықтар

А.Чечеткина: Қазақстанды дүние жүзіне Қазақ елі етіп танытатын қазақ тілі ғана

А.Чечеткина: Қазақстанды дүние жүзіне Қазақ елі етіп танытатын қазақ тілі ғана
30.10.2019 16:17 2345

«Қазақстан Республикасын дүние жүзіне Қазақ елі етіп танытатын – қазақ тілі ғана» деген «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшесі Алла Чечеткина қазақ халқына көрсетілген құрмет ретінде барлық өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге шақырды. Мемлекеттік тілдің этносаралық тілге айналуы туралы мәселе бүгін Қостанай қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында да талқыланған болатын.

«Бүгін мен қазақ тілін меңгеруге ұмтылып жүргендерге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Өз балаларын Отанының мемлекеттік тілінде оқытып, қазақ тілін білуі үшін балабақшаларға беріп жатқан ата-аналарға да алғысым шексіз. Бұл біздің бірегей азаматтығымызды білдіреді. Мен пейілі кең, дархан, достыққа адал, ешкімді жатырқамайтын қазақ халқының тілін ана тіліммен қатар алып жүргенімді мақтан етемін және қазіргі жастардың үш тілді меңгеру саясатын толық қолдаймын», - дейді Ассамблеяның жастар қозғалысының мүшесі Алла Чечеткина. 

Ол Аналар кеңесінің жоғарғы мінберінен барлық қазақстандықтарды, соның ішінде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін білуге, сүюге, оны өмірлеріне рухани азық етуге шақырды. Және бірнеше тіл білгеннің пайдасы шаш етектен екенін айтты. «Тағы бір айтарым, қай мемлекетте тұрып, өмір сүрсең, сол мемлекеттің тілін білуге міндеттісің. Себебі, кез-келген мемлекеттің басты құндылығы - оның мемлекеттік тілі. Біздің елімізде ол – қазақ тілі. Сол себептен, ол – баршамыздың тіліміз болуы тиіс», - дейді жас белсенді.

                                

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға