Жаңалықтар

Тәртіп сақшылары алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бұл туралы Алматы полициясы ескерту жасады
  Тәртіп сақшылары алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Фото: Polisia.kz 30.06.2022 14:05 2314

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция атап айтқандай, қылмыскерлер келесідей тізбекпен әрекет етеді. Олар ұялы телефонға қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырады. 

Содан кейін олар сіздің атыңызға несие алмақ болған алаяқтарды ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізіліп жатқанын айтады. Тағы бір жолы жалған полиция қызметкері ҚР Ұлттық банкімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын және олардан Ұлттық банк қызметкеріне байланысты ауыстыру үшін желіде қалуды сұрайды. 

Одан әрі телефонның ар жағындағы дауыс сіздің картаңызға рұқсат етілмеген аударымдар жасалып жатқанын және ақшаңызды үнемдеу үшін банктік шотыңызға немесе үшінші тұлғалардың шотына белгілі бір соманы салу керек екенін түсіндіреді.

 – Есіңізде болсын, полиция қызметкерлері ешқашан телефон арқылы арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Бұл мақсат үшін олар баратын күні мен уақытын белгілей отырып, полиция бөлімшесіне келуге шақырады. Сонымен қатар, банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыздың деректемелерін сұрамайтынын, сондай-ақ телефоныңызға келетін кіру кодтарын айтуды талап етпейтінін есте сақтаңыз. Мұндай жағдайларда телефон арқылы сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек. Ешбір жағдайда банк картаңыздың ақпаратын немесе жеке ақпаратыңызды ешкіммен бөліспеңіз, – дейді Алматы полициясы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға