Жаңалықтар

«Жас Алаш», «Түркістан», «Қазақстан – Заман», «Егемен Қазақстан» ұлттық басылымдарындағы ЕАЭО тақырыбы

Қазақтың маңдайына біткен Алаштың біртуар азаматы Міржақып Дулатов айтқандай: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты»
27.09.2017 16:52 5790

Кезінде қазақтың маңдайына біткен Алаштың біртуар азаматы Міржақып Дулатов айтқандай: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты». ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасыр басындағы аласапыран уақытта халық тағдыры мен қоғам өмірін бүкпесіз жариялаған ұлттық интеллигенция мен қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды. Бір ғана «Қазақ» газетінің өзі қазақ тарихының қилы – қилы кезеңдерінде замана ағымын, саясат аңғарын дөп басып танып қана қоймай, ұлтына азаттық жолын нұсқады. Бұл – сол кездегі қазақ баспасөзінің мықтылығын көрсетті. Бүгінгі ХХI ғасырдағы тәуелсіз ұлттық басылымдар да дәл солай ұлттық сананың оянуына жол ашатын өзіндік үні бар, тұщымды ой, татымды пікірлер айтатын, шындықты бүкпесіз жаза алатын мерзімді баспасөзге айналуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, мына жаһандану заманындағы ақпараттық дәуірде ұтыламыз.

Қазір қазақ баспасөзі өзін еркін ой, азат пікір білдіруші ретінде қайта құрып жаңа замандық сипат алуда. Баспасөзіміздің атасы саналатын «Егемен Қазақстан» газетінен бастап «Алаш айнасы», «Түркістан», «Заман Қазақстан», «Айқын», «Ана тілі», «Ақиқат» журналы, «Жас Алаш», «Заң» сияқты қазақ халқының мұң – мұқтажын, ұлттық – рухани мүддесін ескеріп жазатын қазақ басылымдары Еуразиялық одақ мәселесін жазуда аянып жатқан жоқ.

Мақалада отандық және шетелдік мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген Еуразиялық экономикалық одақ тақырыбы талқыланған мақалаларға сараптама жасаймын. Еуразиялық одақ мәселесінің берілуі және оның мазмұндық, идеялық ерекшеліктеріне анализ жасау арқылы отандық және шетелдік газеттерде жарияланған мақалаларды салыстырамын. Жалпы мақаланың құрылымына, оның ерекшеліктеріне тоқталып өтсем.

Мақаланың ерекшелігі оның бір ғана нақты ойды дамыта түсуінде жатыр. Логикалық ой мен дәлелдердің мақсаттылығы, сөйлемдер мен түйіндердің нақтылығы басты назарда болады. Мақаланың мәні ассоциация мен түйіндерден құрылатын автордың ойында жатыр. Сатылай келе тезистердің көмегімен автор оқырманды өзекті мәселеге жақындата түседі. Содан кейін өзінің дәлелдерінің логикалық тізбегін келтіріп, автор оқырманды өз ойының дұрыстығына иландыруға тырысады. Алайда, автор тек қана дәлелдердің логикасына ғана мән беріп қоймайды. Ол эмоциональды әсердің құралын пайдаланады. Журналистика теориясында мақала жанрының бірнеше анықтамасы бар. Зерттеушілердің бірі Н.М.Хлынов: «Мақала ғылыми ақпарат, бас идеялардың насихатшысы мен оқиғаны зерттеудің негізгі үлгісі. Теориялық және практикалық негіз, түйін, басқа жанрларға қарағанда оның мақсаттылығы мақала жанрында түсініктілігімен, тілдің әсерлілігімен, стильдің көркемдігімен үндесіп жатады», – дейді. Д.Г.Бекасов: «Мақала – публицистикалық жанр. Ол нақты анықталған бір ойдың дамуын қамтиды», – дейді. В.Д.Пельт ұсынған анықтамада: «Мақала – маңызды әлеуметтік мәселеге байланысты туған деректі ойды танытатын публицистикалық жанр» – деген тұжырым ұсынады. М.С.Черепахов бұл жанрға төмендегідей түсініктеме береді: «Мақала дегеніміз – публицистикалық жанрдың ерекше бір түрі. Ол мәселені оқырманға тарту ету, теориялық және жалпылама деректер мен құбылыстардың сараптамаларын беруімен сипатталады».

Жоғарыдағы анықтамалар әртүрлі. Алайда, олардың түйісетін жері біреу. Мақала – публицистикалық зерттеудің пішіні. Сонымен қатар, зерттеушілер мақаланың түрлерін де әр қырынан қарастырған. Н.М.Хлынов мақалаларды: насихаттық, проблемалық, сахналық, жалпылама, сыни, ақпараттық, публицистикалық (публицистикалық комментарий, публицист заметкасы) деп бөлсе, В.Д.Пельт мақаланы мынадай түрлерге бөледі: насихаттық, проблемалық немесе сыни, публицистикалық, ақпараттық. 

Мақаланың бұл түрлері зерттеушілердің бұрын да атап кеткен үлгісі екені рас. Бұл бұрын болған мақала түрлерінің уақыт өте жоғалып кетеді деген ойды білдірмейді. 1980 жылдардың екінші жартысында болған қайта құру кезеңінде газет беттерінен бас мақала жанры мүлдем түсіп қалды. Бас мақаланың орнына газет беттерінен «Публицист заметкасы», «Публицист комментарийі» сияқты айдарлар көріне бастады. Алайда, жанрдың бас мақала түрі жоғалғанымен, оның газеттен біржола кеткендігінің көрінісі емес. Яғни, бірнеше жылдар өтісімен бұл түрдің мерзімді басылым беттеріне қайта оралуы ықтимал. Сонымен, мақала өмірді зерттеудің публицистикалық үлгісінің бір пішіні. Ол журналистен нақты шеберлікті, соның ішінде зерттеу, қорыту, түйіндеу, авторлық ойдың дұрыстығын дәлелдеу сияқты қасиеттерді талап етеді. Сонымен қатар, автор мақаланың жанрлық – стилистикалық ерекшеліктерін жетік біліп, оның композициялық құрылымын шебер қолдануды меңгеруі керек.

Мақала сараптамалық жанрдың ең күрделі түрі. Қазіргі таңда ол сапалы мерзімді басылымдардың бетінен түспейтін құндылыққа айналған жанр. Нөмірдің «шегесі» де мақала болып есептеледі. Қорыта айтқанда, мақалада қоғамның маңызды, қиын мәселелерін зерттеп, қарастырып, оның шешімін табу жолына бағыттау жағы басым түсіп жатады.

Біз қалайық, қаламайық Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекет ретінде өмір сүріп келеміз. Бұл қоғаммен біте қайнасып жатқан Одақ туралы әрбір қазақстандық азаматтың өзіндік пікірі болуы керек. Осы себепті де дипломдық жұмысымның тақырыбын Еуразиялық Одақ мәселелеріне арнадым. Жұмыста Еуразия идеясы мен Еуразиялық Одақ туралы ақпарат ағынының еліміздің ұлттық басылымдары мен шетелдік баспасөзде қандай сипатта берілгеніне талдамалық зерттеу жүргізілген.

Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылғы наурызда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жоғары да мәртебелі мінберінде айтылған еуразиялық стратегиясы эволюциялық даму жолынан өтіп, практикалық сипатқа ие болды. 2000 жылғы 24 ақпанда «Независимая газета» басылымының бас редакторы В.Третьяковқа берген сұхбатында Елбасының былай дегені бар: «Бүгінгі әлемдік дамуды интеграциялық процестер айқындайды. Кімде – кім осы процестен кейін қалса, ол барлығынан кейін қалады. Осыны түсінген еуропалықтар бұрынғы реніштеріне көзді жұмып, бірлік принципін басты мәселе етіп қойды. Мен нақ осындай бірігуді меңзеген едім. Болашақта біз Еуразия одағына қайта оралатынымызға сенемін. Қазіргі кезең – жалғыз жүретіндердің уақыты емес және еуразия кеңістігінде бірігуге балама жоқ». Сөз жоқ, бұл Еуразиялық одақ – Батыс пен Шығыстың диалогы. Еуразиялық иедеяның толық пісіп – жетілуіне 20 жылдай уақыт қажет болды. Дегенмен идеяның толық жүзеге асырылуы болашақтың еншісінде. Қазіргі қоғамдық пікір әлі де таңдау жасап, ортақ тұжырымға келмеген тұста осы мәселеге жан – жақты сараптамалық тұрғыдан баға беріп, талдау арқылы ой елегінен өткізу қажет болып отыр. Еуразиялық одақтың тиімділігін, міндеті мен мақсатын түсіндіріп қоғамға жеткізу қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде мерзімді баспасөздің борышы. Сол міндетті атқаруда отандық БАҚ – та бұл мәселенің берілу ерекшеліктері мен оның шетелдік баспасөзде қалай жазылғаны, не айтылғаны өте өзекті мәнге ие.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Егемен Қазақстан» ұлттық басылымының 2011 жылы 27 қазанда жарық көрген «Еуразиялық Одақ: Идеядан болашақтың тарихына» атты мақаласында: «Менің Еуразиялық одақ құру туралы идеямда ешқашан маниловщина да, болашақ саяси ностальгизмді қалқалау да болған емес. Оның негізінде қашанда олар қандай да да бір ізгі ниет немесе мақсаткерлікпен бүркемеленсе де саясаттың экономикаға кез келген зорлық пішінін қабылдамайтын прагматикалық қадам жатты және солай болып қала береді. Еуразия жобасында тек сыртқы экономикалық, әскери, саяси, ақпараттық, технологиялық, экологиялық және басқа да қатерлерден ұжымдасып оқшаулану мүмкіндігін ғана көру алысты аңдай алмаушылық

болып табылады» – деген Н.Назарбаев бүгінгі күн мен келешектің күрделі сынақтарымен өлшенетін мегажоба, болашақтың стратегиясы – еуразиялық интеграция идеясын ХХI ғасырда жаңаша саралау көкейкесті болып табылады деген болатын.

Бүгінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге аса бастаған Еуразиялық Одақ күллі әлемнің назарында. Одақ туралы Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жақсы пікірлер де керағар көзқарастар да айтылды. Біреулер қолдайтынын айтып мақтап жатса, ал енді кейбіреулері «Кеңес Одағының қайта дүниеге келуі», «Ресей империясының құрылуы», «Өлі туған одақ»деген сияқты қатты – қатты сыни мақалалар жазып, бүге – шігесіне дейін талдап, жоққа шығарып, даттап жатты.

Әлемде 6 миллиардтан астам адам болса, сонша пікір бар. Әр басылымның өз ойы, өз ұстанымы, идеологиясы бар дегендей, әркім өзінше обьективті жазуға, шынайы ақпарат беруге тырысты. Дегенмен, шындық – көп, ақиқат – жалғыз.

Бүгінде қазақ баспасөзі сараптама жасауға дағдылана алмай жатыр деген сынды көп естиміз. Қаламды «терлеткен» қаламгер Марат Қабанбайдың 1995 жылы жазған «Еуразия одағы: мысық па, тышқан ба?» атты сараптамалық мақаласындағы журналистік болжам қазір шындыққа айнала бастады. Бұл мақала «Ана тілі» газетінде осыдан 20 жыл бұрын жарыққа шыққан болатын. Осынша уақыт өтсе де Марат Қабанбайдың бұл сараптамасы бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр.

«Айт – айтпа, XX ғасырдың соңғы он жылында «Еуразия даласы» атты абсурд театр сахнасында өзге түгіл, өзіміз де түсіне бермейтін шым – шытырық саяси драма жүріп жатыр» – деп бастаған публицист ерте ме, кеш пе Еуразиялық одақтың құрылатынына сенімді болды. Оның саяси болжамы, Қазақстанның келешегіне қойған диагнозы бүгінгі күннің шындығына айналды.

Ал абсурд театрымыз не? Алып империяның орны – сахнада 15 актер – тәуелсіздік алған 15 мемлекет қазір қилы – қилы рөл ойнап жатыр. Турасын айтсақ, бұл спектакль әйгілі «тышқан – мысық» ойынына келіп қалатындай. Спектакльдің бас режиссері – Ресей де, қалғандары – үлкенді – кішілі, талантты – талантсыз актерлер. Ресей – мысық та, өзгесі – тышқандар... Осы ТМД – дай театрды айнала жүгірген актер – тышқандардың нақ ортасында бұрынғы бүкіл ортақ қамбаны, ең жарық та жылы, үлкен бөлмені басып қалған семіз ақ мысық – бас актер әрі режиссер мұрты тікірейіп, бір көзін ашып, бір көзін жұмып күжірейіп жатыр. Қабағымен жасқайтын Ресей деген көкеңіз осы! Бәрі де осы Ресейдің мәлике жүзін көріп, мүбәрак қолын алуға құштар.» – дей келе Ресейдің ойы, әрине, тышқан атаулыны бір сөзбен жатқызып, бір сөзбен тұрғызатындай өзгерістер енгізу деп айқын көрсетті. Оны жақында ғана Ресейдің өте беделді саясаткер сарапшысы С. Кургиян алдымен Ресейдің «Независимая газета», сонсоң өзіміздің «Азия» газетінің 29 – санында жарияланған «Жаңа интеграционизмнің мазмұны» атты анализ – талдау мағынасында ашық жазды.

Сонымен Сергей – Секең не дейді? Еуразиялық одақ Ресейше былай болуға тиіс: 1. Ортақ идея. 2. Жаңа одақтық мемлекеттердің мызғымастығы (көрдіңіз бе, жеке мемлекеттердің одағы емес, «одақтық мемлекеттер!» Бұрынғы одақтық республикалар ғой бұл. – Авт.) 3. Ұлттар мәдениетінің еркін дамуы және де орыс және ұлт тілдерінің мемлекеттігі. 4. Ортақ парламент. 5. Ортақ армия, ортақ шаруашылық, ортақ банк, финанс, ортақ азаматтық т.б. 6, Ортақ сыртқы саясат. 7. Ортақ сыртқы экономика қимылы. Сонда ортақ емес не қалды өзі?.. Бұған біз келісеміз бе, жоқ па – ол болашақтың ісі. Алдымен Елбасына, Үкіметке, соңынан Жоғарға Кеңеске байланысты. Бір пункті алынар, екіншісі түзелер, әйтсе де негізгі сұлбасы сақталып қалатыны сөзсіз. Ал мұндай жебір одаққа Қазақстан неге құмар?

Бажайлап түсіндіріп көрелік.

Қытай секілді супердержаваның, Ресейдей құжбан мемлекеттің арасында жалпағынан жатқан Қазақстан өз территориясын қорғай алмайды. Саясат – уақытша, жер – мәңгілік. Уақытша әманда мәңгілікке қызмет етуге тиіс.

Халқымыздың үштен бірінен астамын славян диаспорасы құрайды.

Экономикалық байланыстар үзілгендіктен, әрі тәуелсіздік жылдары шаруашылықта жіберген ірі – ірі қателіктердің кесірінен еліміз ТМД мемлекеттерінің соңына таман ысырылды. Теңіз портымыз жоқ. Тұтас энергетикалық комплекстен және жұрдаймыз. Автомобиль, темір жол дамымаған. Соңғы жылдары әлемде шикізатқа сұраныс аз.

Ал аталмыш Одақтан бізге қандай пайда бар? Одақ тек пайда үшін жасалынады ғой. Ең алдымен, экономикалық байланыстар қайта жалғанады. Көңілі күпті диаспораның ентігі басылады. Қазақстан мұнайы Ресей трубаларымен суша ағады да, көптен күткен долларлар қолға тиеді. Шикізат, астық, ет ТМД – лік ортақ қан базарға түсіп өтіп кетеді.

Оның үстіне түптің түбінде ТМД осы одаққа бәрібір бірігеді. Жер бетінде Австрия, Швейцария секілді санаулы ел болмаса, белгілі бір регионалдық одаққа тартылмағаны жоқ – Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Орталық Америка, Еуропа, араб елдері, Скандинавия, Оңтүстік Шығыс Азия т.т. Еуразиялық Одақтан өзге дайын тұрған басқа вариант та жоқ. Экономикалық жағынан әлсізбіз, рухани интеллектілік қорымыз аз. Ұлттық идеологияны іске асырмақ түгілі, жобасын жасауға шама жетпеді. Коррупция, мафия, рэкетіміз гүлдеп тұр. «Кіндік Азияның кеуде мемлекеті едік» деп бөсетіндей жағдай жоқ. Ес жинап, етек жабу үшін әлі бір ұрпақтың өмірі керек. Болашақ Қазақстанның тұтастығы, еркіндігі үшін бүгінгі қазақтар жауапты. Есебі, бүкіл жер жүзі таңдап алған сара жол – одақ жасау, алыс – берістен шығандап кете алмаймыз. Бұл – басы ашық нәрсе...

Біз ше? Біз, қазақ үмбеті, еуразия одағына түсіністік раймен қарай отырып, орыс тілінің мемлекеттілігіне қарсымыз. Неге? Орыс тілі қалай мемлекеттік болса – солай мысыққа, ал қазақ тілі дереу тышқанға айналады. Мақтаулы Еуразиялық одағымыз орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беруді алғышар етіп қойса, ондай одақ қазақты жер ететін неоимпериялық одақ деп кесіп айтамыз.

Ондай әлпеттегі одақ құрылса, Қазақ Елі біртіндеп ыдырай бастайды. Әуелі қазақ пен қос тілді қазақтың, соңынан қазақ пен орыстың арасынан мысық жүгіреді. Мұндай қорлыққа қазағы қарақұрым түстік пен батыс орыс тіліне көшіп қалған Орталық пен Солтүстік Қазақстанға қолын бір сілтейді де, іргесін бөліп, атойлап былай шыға береді. Қазақ үшін бұл жаңалық емес, өз тарихында бүйтіп бірнеше рет бөлінген де. Ресей соңғы кезде аңсары ауып жүрген орталық, солтүстіктегі бес облысымызды «бейбіт түрде» өстіп басып қалады. Ресей, республикадағы орыс – ақпарат құралдарының жүз мәселесін қайта – қайта пілтелеуі – сол бөлінуге осы бастан психологиялық таған жасаудың қамы.

Тоқ етері: орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру – баяғы «бөліп ал да, билей бер» деген империялық саясаттың қайтадан жандануы, соның алғашқы нәтижесі.

Есебі, бір кезде құл болсаң, өзгелер біздің бойдан ылғи да құлды көргісі келіп тұрады екен.

Ішкі орыспен де, Ресеймен де одақ құрып, тату – тәтті тұру біздің маңдайымызға жазылған. «Орыс жаман!» – деп, өткен – кеткенді тізіп, шаптыға берсек, ең алдымен іштен жау табамыз. Екіншіден, ресейлік шовинистерге жел береміз; себебі орыстар соңғы жылдары өткен заманғы империялық саясаты үшін алдымен әлем, соңынан ТМД елдерінен аз лағынет, шенеу – мінеу естіген жоқ. Ызалы елдің ескі жарасын білтелей бергеніміз – өз жарамыздың аузын ашқанымыз. Үшіншіден, сырт елдер: «Мынау қазақ не өз ішіндегі ұлттармен сыйласа алмайтын, не көршісімен тату тұра алмайтын можантопай ел екен ғой», – деп сөз етеді. Ондай жаман сөз ергендерге көмек те, жылы қабақ та көрсетілмейді. Тышқанбыз деп, сыртқа мүсәпірсіп, өз еліміздегі ұлыстарға мысық ьолып тиіссек – масқараға сонда қаламыз. Көрдіңіз бе, ақырын жүріп, анық баспасаң, тышқан – мысық ұғымының қалай оп – оңай орын ауыстыра салатынын! Өзгені басыну – өзіңді жер ету. «Қалауын тапса, қар жанады» деген басқа емес, біз, қазақ халқы. «Жылы – жылы сөйлесең, жылан іннен шығады» деп жүрген тағы өзіміз. Бізге одақ болмаудан Ресейдің дәнеңесі кетпейді. Бүгін шекісе, ертең бекісетін украин, белорустай мықты інілері бар. Бекісіп те жатыр. Одақ атаулыға үрке қарау – прогрестің, алға басудың ең алғашқы заңдылығын мойындамау, қарсы шығу екенін ұғатын уақыт жетті. Мұны тәрк ету біздей буыны қатпаған жас мемлекет үшін өз – өзін орға жығу болып табылады. Тәуелсіздік деген, байқамасақ, оп – оңай басты айналдыратын есірткі апиынға айналады.

Есебі, ақпарат құралдары әбден дамыған, халықаралық құқық қорғау жүйелері бек жетілген мына заманда мысықтар ешқашан жолбарыс бола алмайды. Тышқан да мысықтың мұртымен ойнай алмайды. Асылы, мәдениетті мысық, тышқандарға не жетсін. Мәдениетті болмасына мына заман қоймайды. Ирак – Кувейт шайқасы мысық масайса – мерт болатынын, тышқан тырмысса ел болатынын анық дәлелдеп берді. Ендеше, болашақ Еуразия одағының аясынан ылғи да жаубасар мысық пен жанбағар тышқандарды іздемейік. Әлем заңы бойынша екеуінің де құқығы бірдей. Әңгіме сол құқықты жер етпей, өз мүддеңе пайдалана білуде. Дәл бүгін Еуразия одағы құрыла қоймас, бірақ қос континенттің аспанға қарап жазылған алақаны болып табылатын кең жазықта Еуразия одағының күндердің күнінде, жылдардың бір жылында құрылатыны сөзсіз. Елбасы да осы жол үстінде.

Сондай – ақ, Еуразиялық одақ болашағының жақсы болмайтыны жөнiнде Рысбек Сәрсенбайұлы өз пiкiрiн бiлдiрдi: «Егер Еуразиялық одақ соншалықты керемет әрi табысты болса, неге Түркия, Өзбекстан, Моңғолия қызығушылық бiлдiр­мейдi? Жауап жоқ! Осының өзi көп нәрсенi айғақтайды. Ресей, Беларуспен бiрiккен, Вьетнамды тартқан одақ қайбiр жетiскен одақ болады дейсiз?», – дедi ол. Және осы арқылы «Оян, Қазақ!» дегiмiз келедi. Яғни өз тағдырымыз, елдiң тағдыры шешiлгелi тұр. Қазақстанның өзiнiң ұлттық мүддесi болуы керек. Қазақстан тәуелсiз, дербес ел болып қалуы керек», – деп сөзiн аяқтады Болат Әбiлев. «Жас Алаш» – тың осыншалықты шыр – пыр болып елдің тағдырын, болашағын шешкелі тұрған бұл Одақтың құрылуына қарсы шығуы өз кезегінде өз ұлтының келешегіне бей – жай қарамайтын, бойкүйезділік немесе немқұрайлыққа жол бермейтін қазақ азаматтарының бар екеніне көзімізді жеткізді.

Айта өткен жөн, Украинаның ақпарат құралдары «Мәскеу Киевтiң Еуроодақпен интеграциясына барынша кедергi келтiрiп, Кедендiк одақтың ортақ арбасына жегiп қоймақ» деп ұлардай шулаған еді. Кремльдің тарапынан қандай қитұрқы әрекеттер жүзеге асырылса да Украина оған мойынұсынбай «Мәскеу өлсе, өліп кетсін!Бәрібір еуроинтеграцияны таңдаймыз» деген позициясынан танбады.

Дәл қазіргі таңда қазақ мерзімді басылымдарында таласа жазып жүрген мәселелердің бірі – ортақ валюта құру. Ортақ валютаны енгізуге жол беруге болмайды. Орыстың «қорасына» батпандап кірді деген осы... Әлгі өрмекшінің торына түскен шыбын секілді біртіндеп, біртіндеп тіршіліктен алыстай береміз де онда... Осыдан кейін ЕАЭС саяси одақ емес деп кім айта алады?! Билік басындағылардың ортақ валюта деген болмайды деп сендіргендері қайда?! Бұл – «Жас Алаш» газетінің билікке қойған күдікке толы сұрағы. Осы тақырып төңірегінде «Жас Алаштың» «Ортақ ақша оңдырмайды. Ол Тәуелсіздігімізден айырып тынады « (Жас Алаш №24 (16002) 27 наурыз, жұма 2015) деп аталатын мақаласында автор Жанболат Мамай былай деп жазады: «Ашығын айтсақ, Ресей басшысы Путиннiң ортақ валюта енгiзу туралы ұсынысы – оның «одақтастарына» жасаған опасыздығы iспеттес. Еуразиялық одақ құру туралы келiсiм дүниеге келмей тұ­рып, Путин де, Ресей сыртқы iстер министрi Лавров та, одақтың хатшысы Христенко да «бұл ұйымның бұрынғы КСРО – ны жандандыруға бағытталмағанын әрi оның реинкарнациясы еместiгiн» ашық мәлiмдеген едi. Дәл осындай сөздердi Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев та бiрнеше рет айтты. «КСРО – ны жаңғырту туралы мәселенiң ешқандай негiзi жоқ. Бұл одаққа мүше болған мемлекеттердiң барлығы тәуелсiздiк алды, бөлек отау тiктi. Бұл пiкiрдi Ресей және Белоруссия прези­денттерi де қолдайды», – дедi Назарбаев. Еуразиялық одақ құру туралы келiсiмге қол қойылған соң да Қазақстан басшылығы Еуразиялық одақтың тек қана экономикалық шеңберде қалатынын айтып, бiрнеше мәлiмдеме жасады. Путиннiң ортақ валюта енгiзу туралы ұсынысын көтергенiне қарағанда, Кремль қожайыны өзiнiң әрiптестерiн, ал олар өз кезегiнде халқын алдап отыр деген сөз».

Мақалада келтірілген деректердің нақты фактілерге сүйеніп жазылғаны көрініп тұр. Журналист Жанболат Мамайдың саясаттан да, экономикадан да білім көкжиегі ауқымды екенін, күрделі мәселелерді тарқатып, анализ жасау шеберлігіне көз жеткіздік. Кейбір сыншылар Ж.Мамай қазақ қоғамын құр босқа дүрліктіріп келеді деген пікірде. Тіпті әсіреұлтшылдық бағытын ұстанады дейді кейбір саясаттанушылар. Алайда, қалқып бара жатқан ұйқышыл қазақ халқын оятып, көзін ашатын мұндай саяси білімді азаматтар бізідің қоғамға өте керек – ақ.

Басылымда жарияланған «Кеңестер Одағына кері қайтпаймыз» деген мақалада Елбасының: «КСРО – ны «тірілтуге» жанталасқандар үштік одаққа саяси рең беруге жанталасып жүр», – деген сөзіне тоқталып Еуразиялық экономикалық одақ тек экономикалық мүддені көздейді деп ашық айтты.

Н.Назарбаевтың КСРО – ға қатысты айтқан пікіріне РФ президенті В.Путин қарсы уәж айтқан жоқ. Тек: «Біз Қазақстан және Беларусь президенттерімен бірге еуразиялық экономикалық кооперацияны дамытудың өзекті мәселелерін талқыладық. Қазан айында Минскіде өткен кездесуімізден кейін біз бірлесе атқарылған ауқымды жұмыстың қорытындысын шығардық. Ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын дайындауда айтарлықтай ілгерілетуге қол жеткіздік. Жалпы, сарапшылар тарапынан шарттың негізгі институттық бөлімі келісілді, онда болашақ одақтың халықаралық – құқықтық мәртебесі, міндеттері мен іс – қимыл тетіктері айқындалған, – деді. Есесіне, Елбасының сөзін іліп әкеткен ресейлік БАҚ сан – саққа жүгіртуде. Өйткені өзін КСРО – ның «тақ мұрагері» ретінде сезінетін Кремль мен оның сойылын соғатын саясаткерлер Кеңестер одағын қалпына келтіру туралы ойларын ашық айтудан тайынған емес. Демек, экономиканы саясатпен астастыруға тырысқан тараптардың мүддесі Қазақстанның тәуелсіздігіне, дербес те көпвекторлы саясатына кесірін тигізбеуді жіті қадағалау қажет [22].

«Түркістан» газетінің сандарында Еуразиялық Одаққа байланысты «Үштік одақтың бестікке айналуы», «Еуразиялық одақ бізге не берді?», филология ғылымдарының докторы, жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Күдік көп. Күмән басым», «Экономикалық одақ құрылды» сияқты бірнеше материалдар жарық көрді.

Бұл тағдырдан алғанда, Астанада үш елдің басшылары: Назарбаев, Путин, Лукашенко қол қойған еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім – шартта ұлттық мүддеміз қорғалып қалынды. Бірақ, сөзінде тұрақтылық жоқ ресей ыңғайлы сәтте бұл мәселеге қайта оралып, тізеге басуы мүмкін еместігіне еш кепілің жоқ. Әлі де күдік көп, күмән басым» [22].

Талайлардың талқысына түскен Қазақстан, Белорусь, Ресей арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Мақсаты айқын, бірақ бізге берері қандай болмақ? «Ақиқат» ұлттық – қоғамдық саяси журналы:

Еуразиялық одақ идеясы туралы айтылғанда әркім әртүрлі ой қорытады. Негізінде, Еуразиялық одақ – бірыңғай саяси, экономикалық, әскери, кедендік, гуманитарлық және мәдени кеңістігі бар мемлекеттердің конфедеративті одағы. 1994 жылдың наурыз айында алғаш рет бұл идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде ұсынды.

«Алаш Айнасы» республикалық қоғамдық – саяси газетінде 2011 жылдың 15 қазанында «Еуразиялық одақ елімізге не береді?» мақаласы жарияланған. Онда «Еуразиялық одақ идеясының астарында КСРО – ны қайта құру тұр ма?» деген сұраққа былай деп жауап береді : «Известиядағы» Путиннің мақаласынан кейін АҚШ – тың «World Politics Review» басылымы «Путиннің Еуразиялық одағының тұманды болашағы» деген материал басты. Аталған жарияланымда Путин өзінің алдағы президенттік қызметінде осы одақты аяғынан тұрғызуға барын салмақ көрінеді. Келесі жылы одақтың деклара­циясын қабылдау жоспарда бар. «Кеңес Одағының табынушысы болып табылатын Путин посткеңестік мемлекеттердің басын қосуға тырысатын ойын білдіріп қалды» деп жазады аталған басылым. Осы ретте «жоғары деңгейдегі интеграцияға көшуді көздейтін Еуразиялық одақ идеясы империялық пиғылдың қолжаулығына айналып кетпей ме?» деген заңды сұрақ қылтияды».

«Қазақстан – Заман» халықаралық қоғамдық – саяси, танымдық газеті – Түркия еліндегі ең танымал әрі беделді газеттердің бірі саналатын «Заман» басылымының біздің елдегі Ахмет Алияздың басқаруымен жарық көретін қазақ тіліндегі нұсқасы.1992 жылы 17 қаңтарда алғаш рет «Заман – Қазақстан» болып жарыққа шықты. Қазақстандағы алғашқы халықаралық басылым ретінде 2000 жылы «Қазақстан – Zaman» болып өзгертілді. Аптасына бір рет, 12 беті қазақ тілінде, 4 беті түрік тілінде шығады. Газетте еліміздегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, танымдық тақырыптармен бірге халықаралық жаңалықтар да беріліп тұрады. Қазақстан мен Түрік елі арасында ақпараттық байланыс орнатуға елеулі үлес қосып келеді.

Біздің тап осы «Қазақстан – Заман» газетін зерттеу объектісі етіп алғанымыздың бір себебі газет Еуразиялық Одақ мәселелерінің жарияланатын нағыз мінбері, жиі сараптауға түсетін мекені десек артық айтқаным болмас. Осы сөзімнің айғағы Ермек Сахариевтің 2013 жылы жарияланған « Еуразиялық Одақ құлдық қамытымызды қайта кигізбей ме?» атты мақаласында өте маңызды мәліметтер беріледі. Мақалада айтылған дүниелер дипломдық жұмыспен тікелей байланысты болғандықтан бұл материалдан үзінді келтіргенді жөн көрдік.

«Кедендік одақ өмір сүргеніне жарты жыл өтер – өтпесте Бірыңғай экономикалық кеңістікке иек артып, 2015 жылдан бастап енді Еуразиялық экономикалық одаққа айналатын сияқты. «Тышқан інге кіре алмай жүріп құйрығына қалжуыр байлайды» дегендей, біздің осы асығып – аптығуымыз ақырында елімізді өзінің тәуелсіздігі мен егемендігінен ажырата ма деген қауіп зор. Қарап отырсаңыз, Ресей бізді өзіне қосып алуға жанталасып жатқандай. Ормандай қалың орыстардың көпшілігі қазірдің өзінде Еуразиялық экономикалық одақ тіркесінен «экономикалық» деген сөзді алып тастап, оны «Еуразиялық одақ», яғни бұрынғы КСРО – ның жаңа түрі деп атап жүр. Бұл туралы тіпті Путиннің өзі 2011 жылы «Известия» газетіне берген сұхбатында шегелеп тұрып айтқан – ды. Біздің Елбасы болса, орыс әріптесіне 2025 жылға дейін экономикалық ынтымақтастық стратегиясын дайындауға ұсыныс жасады. Осыншама асығатындай бізді кім қуып келе жатыр? Асығып отырған өзіміз бе, әлде асықтырушы Путин бе, осы жағы түсініксіз. Еуроодақ елдері өз экономикаларын біріктіруге 40 жыл дайындық жұмыстарын жүргізгеннен кейін барып қана келген – ді. Егер Еуроодақтың бюджетін құрайтын кепілдік сомасы 105 миллиард евроны құраса, соның 21,1 пайыз жарнасын экономикасы қуатты әрі ең ірі Германия төлейді. Одан кейінгі орындарда Франция (16,4), Италия (13,6), Ұлыбритания (13,05), Испания (8,5), Голландия (5,3) т.б. Бұлардың бәрі жарнаны ел экономикасының даму деңгейіне сәйкес төлейді. Ал Кедендік одақтың негізгі жарнасы толығымен Ресейдің мойнына ілінген. Еуропарламентке еліктеп атын еурокомиссия қойған атқарушы органның іс – қызметінің 87, 97 пайызын Ресей қаржыландырса, Қазақстанның еншісіне 7,33 пайыз, Беларуське 4,7 пайыз тиесілі. Ұлттан жоғары парламент, министрлік, басқа органдарды да Ресей қаржыландырады. Егер бірлестік шығынының 90 пайызын Ресей төлесе, аталған одақ ең алдымен кімнің мүддесін ойлап, кімнің сойылын соғуы мүмкін, біз осыны ойладық па?». – деп көрсеткен.

«Қазақстан – Заман» газетінің бетінде жарияланған тағы бір мақаланың бірі – «Ортақ валюта тәуелсіздігімізге қауіпті». Бұл материал осыдан тура үш жыл бұрын Еуразиялық Экономикалық Одақ құрылмай тұрып жазылған. Ортақ валюта жайында келешекте мәселелер туындайтынын болжап дәл диагнозын қойған іспетті. Бұл мәселе бүгінде ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Сол кезде бірыңғай валюта құру жайында әңгіме қозғау әлі ертерек екеніне қарамастан, оны талдап, саралап жазған.

 «Қазақстан – Заман» халықаралық басылымында жарияланған мақалалар: «Мүйіз сұрап құлақтан айырылмасақ не қылсын?», «Әлемде бірде – бір мемлекет интеграциясыз өмір сүре алмайды», «Одаққа кіруден қорықпайық, бірақ кейбір түйіткілді мәселелер оң шешілуі тиіс», «Ортақ валюта қажет пе?», «Ортақ валюта тәуелсіздігімізге қауіпті» сияқты бірнеше материалдар жарыққа шықты. Еуразиялық одақтың барлық мәселелерін толыққанды қамтып, белгілі бір нақты туындаған проблемаларды шешуге атсалысты. Оның ерекшелігі де сол – ақпаратты тек ұсынып қана қоймай, мән – жайды түсіндіріп, тығырықтан шығу жолын қарастырады.

«Одаққа кіруден қорықпайық, бірақ кейбір түйіткілді мәселелер оң шешілуі тиіс» атты мақалада автор Мансұр Нұрдаулет мынадай пікір білдіреді: «Сарапшылар арасында Еуразиялық одақты баяғы КСРО – ға қайта оралу деп бағалайтындар да жоқ емес. Алайда оны қайта оралу емес, интеграциялық қайта жаңғыру деп түсінген жөн. Бұл әлемде қалыптасқан дәстүр. Мәселен, Еуропалық одақта – 27 ел, 1999 жылдан бастап құрылған Африкалық одақта – 53 мемлекет бар. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өтті деу қиын. Дегенмен бұған дейін әртүрлі деңгейде, әскери жағынан ҰҚШҰ – ға, экономикалық тұрғыдан ЕуразЭҚ – қа, саяси мүдде жағынан ШЫҰ – ға, АӨСШК – ке интеграциялану үрдісі жүзеге асты. Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссияға бүкіл ТМД – ның 94 пайызы, сауда айналымының 88 пайызы тиесілі екен. Посткеңестік елдер арасында «біз еуразиялықпыз!» деген ұстаным санаға дендеп еніп келеді». «Қазақстан – Заман» газетінде Еуразиялық Одақтың болашағынан үміт күтіп, позитивтік тұрғыдан баға берген мақалалар сирек кездеседі. Бұл – соның бірі.

«Егемен Қазақстан» газетінде Еуразиялық экономикалық одақ мәселелерін көтерген бірнеше мақалалар жарық көрді. Атап өтсем, «Еуразиялық одақ – заман талабынан туған қажеттілік», «Еуразиялық экономикалық одақ – елдердің тең құқықты бірлестігі», «ЕАЭО – жаңа мүмкіндіктер одағы», «Қырғызстан Еуразиялық одаққа қосылды», «Еуразиялық экономикалық одақ қандай ұйым?», «Экономикалық Одақ: бүгіні мен ертеңі», «ЕАЭО бизнес үшін тиімді», «Интеграция – Қазақстан индустриясын дамыту мүмкіндігі» деген сияқты сарындағы мақалалар көптеп кездеседі. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бас мақалалары да осы мемлекеттік ресми баспасөз құралына айналған «Егемен Қазақстанда» жарияланып тұрады. Мәселен, 2009 жылдың 21 наурызында Елбасының «Еуразиялық экономикалық одақ: теория немесе нақтылық» атты бас мақаласында «ұзақ мерзімді болашақта оның баламасы болмақ емес» деп теңеген Еуразиялық ықпалдастықтың үш өлшемін – экономикалық, әскери – саяси және мәдени – гуманитарлық өлшемдері жайында айтып өтеді. «Валюта одағын құру мүмкін бе?» деген сұраққа: «Келесі қадам ЕурАзЭҚ елдерінің валюта одағы және еуразиялық ұлттық ауқымнан жоғары тұратын есеп айырысу бірлігін құру болуы мүмкін». – деп ашық жауап берген еді. Қазір бұл жайында журналистер мен саясаткерлер әртүрлі пікір айтуда. Кейбіреулері ортақ валюта енгізеді, ол «алтын» деп аталуы мүмкін десе, өзгелері «жоқ» мүмкін емес, бұл тәуелсіздікке нұқсан келтіреді деген болжамдар айтуда. Алайда, оны уақыт көрсетеді.

«Біздің елдеріміз азаматтарының еркін қозғалысын барынша қамтамасыз ету керек. Кезінде Қазақстан “Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам” бастамасын көтерді. Мен таяудағы уақытта біздің мемлекеттеріміз халықтарының еркін өзара ықпалдастығы үшін кедергілерді алып тастаудың барлық қажетті шараларын қолға алуға тиіспіз деп ойлаймын. Бұл – шекаралардан еркін өту, барлық елдердің ақпарат көздеріне, білім беру және медициналық қызметке қол жетімділік – біздің елдеріміздің әрбір жеке азаматы үшін былай қарағанда қарапайым, алайда іс жүзінде маңызды факторлар». – деген бұл мақалада халыққа интеграцияның тиімділігін баса жазған. Оған қарсы сарапшылар Одаққа кірмей – ақ осындай мүмкіндіктерге мемлекеттер арсындағы өзара халықаралық келісмдер мен құжаттар арқылы қол жеткізуге болатынын алға тартуда.

«Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 27 қазандағы кезекті бір санында Елбасының тағы бір «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына» деген бас мақаласы жарияланды. «Бізді саяси күнтізбеде символды түрде көршілес тұрған екі атаулы оқиғадан небәрі бірнеше апта ғана бөліп тұр. Біріншіден, ол – ТМД – ның Алматы Декларациясына қол қойылуының 20 жылдық мерейтойы. Ол КСРО қирандысында Еуразия және бүкіл әлем та­рихындағы өте ерекше мемлекетаралық бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығының пайда болғанын жариялады. Екіншіден, ол 2012 жылдың 1 қаң­тарынан бастап жаңа жоба – Біртұтас экономикалық кеңістікті жүзеге асырудың басы. Оларда жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі ұлттық мүдделердің түзілуінің көп жылғы тәжірибесі, еуразиялық интеграцияның оңтайлы моделін іздеу және миллиондаған қарапайым адамдардың жаңа үміттері біте жымдас­қан» – деп бастайды ұлт көшбасшысы. Мақалада бүгінде еуразиялық интеграция ұғымын талдамашылар мен сарапшылар кеңінен пайдаланатынын, және, ең маңыздысы, ол таяу және алыс шетелдердегі саяси элитаның табиғи сөз саптауына айналғанын зор мақтанышпен мәлімдейді. Елбасы өзінің Қазақстан мен Ресейді еуразиялық интеграцияның локомотиві деп есептейтінін де жасырмайды.

Сондай – ақ, «КСРО – ны қайта құру» деген дүрлікпе сөздерге былай деп жауап береді: «КСРО – ны ешқандай да «реставрациялау» немесе «реинкарнациялау» жоқ және болмайды да. Бұл тек өткеннің фантомдары, жорамалдары мен саудаға салулар. Және мұнда біздің Ресей, Беларусь және басқа елдермен көзқарастарымыз толықтай сәйкеседі». Яғни, «одақ» және «империя басқыншылығы» дейтін дүрлікпелі сөздерден үрейленудің қажеті жоқ.

Қазақстанның тәуелсіз басылымдарын біріз шулатқан Владимир Путиннің «Известиядағы» мақаласында жазғаны маңызды екенін де атап өтеді. «НАФТА шеңберіндегі Солтүстікатлантикалық интеграция да үш мемлекет – АҚШ, Канада, Мексикадан тұрады. Бірақ ешкім де АҚШ – тың империялық шамшылдығы туралы сөз қозғамайды. Кейбір батыс сарапшылары Еур­азия­лық одақ Қытай экономикалық экс­пансиясы дегеннен қорғану үшін құрылмақшы деп мәлімдеме жасағанда асығыстық танытып отыр. Мұндай мәлімдеменің шындықтан тым алшақ жатқанын айтуға тиіспін» – деді Елбасы «Егемен Қазақстанда» шыққан жарияланымда.

Жалпы, қазақ мерзімді баспасөзін биліктің сөзін сөйлейтін, «ұлттық партияның қызметін атқарып жүрген» мемлекеттік және сөз бостаңдығына, ой еркіндігіне ие тәуелсіз баспасөз деп екіге бағытқа бөліп қарастыруға болады. Біз дипломдық жұмыстың бұл бөлімінде тәуелсіз «Жас Алаш», «Түркістан» халықаралық газеті, «Заман Қазақстан» және жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газеттеріндегі Еуразиялық экономикалық одақ мәселелеріне тоқталдық. Бұл ұлттық басылымдарда жарияланған мақалаларды талдай отырып мынадай қорытында&

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға