Жаңалықтар

«Өрмекші адам: үйге оралу» фильмі туралы қызықты деректер

Қазақ тіліне дубляждалған «Өрмекші адам: үйге оралу» фильмі туралы қызықты деректер жиынтығы.
«Өрмекші адам: үйге оралу» фильмі туралы қызықты деректер
13.07.2017 16:10 4300

Еліміздің кинотеатрларында 6 шілдеден бастап «Өрмекші адам: үйге оралу» фильмінің көрсетілімі жүріп жатыр. Бүгін оқырмандарымыздың назарына «Болашақ» Қауымдастығының бастамасымен қазақ тілінде көрсетілген фильм жайында қызық деректермен бөлісеміз.

Фильмнің трейлерінен байқағандарыңыздай суперқаһарманның бұл жолғы шытырман оқиғасы Питер Паркердің кекшілдердің қатарына қалай қосылғандығы туралы баяндалады.

(Коллажға тінтуірді апару арқылы суреттерді үлкейтіп көре аласыз)

Фильмнің сюжеті бойынша, Питер «Кекшілдермен» өткен әсерлі кездесуден үйіне оралады. Ол енді Тони Старктың қадағалауында болатындығына қуанып жүргенде, қалада Құзғын атты жаңа зұлым пайда болады. Осы кезде Питер өзінің қабілетін көрсететін уақыттың жеткенін сезеді...

«Өрмекші адам: Қайта оралу» - Қазақ тіліне дубляж жасалған 21-ші, ал Өрмекші адамның шытырман оқиғалары туралы қазақ тіліндегі үшінші фильм.

 Қазақ дубляжының режиссері: Шах-Мұрат Ордабаев.

- Мен үшін бұл фильммен жұмыс істеу маңызды болды, өйткені атақты ресейлік режиссер, «Титаник», «Отчаянные домохозяйки» сияқты картиналарымен жұмыс істеген, дубляж әлемінің аңызы - Наталья Федотовамен бірге жұмыс істеудің сәті түсті. Наталья дыбыс жазу студиясына кеңесші ретінде шақырылған, мен одан көп нәрсені үйрендім. Фильмде, менің ойымша, жасөспірімдердің өміріндегі маңызды сәттер – мектеп өмірі, достық, бәсекелестік, алғашқы махаббат өте сәтті сипатталған.

Cуперқаһарманның «қазақша дауысы» рөлінің актері - Заңғар Әбенов.

- Бұл бас кейіпкерге дубляж жасаудағы менің алғашқы тәжірибем. Жоба ұйымдастырушыларына, режиссерлерге мұндай бірегейлі тәжірибе алу мүмкіндігі үшін алғысымды айтқым келеді. Жақын арада осындай ашық алуан түрлі рөлді қазақстандық кинода да ойнауға мүмкіндігім болады деп үміттенемін.

Фильм туралы қызықты деректер:

Фильмде Питер Паркер шамамен 15 жасар оқушы.

Түсірілім 2016 жылдың 20 шілдесінде Атлантаның Джорджия штатында «Summer of George», яғни «Джордждың жазы» деген құпия атаумен түсіріле бастаған.

21 жасар Том Холланд Питер Паркерді ойнаған ең жас актер. Ал Тоби Магуайр мен Эндрю Гарфилдтер бұл рөлді сомдағанда 25 және 26 жаста болған.

Бір қызығы «Алғашқы кекшіл: Қарсы тұру» фильмінде Өрмекші адамның пайда болуынан 3 жыл бұрын, журналистердің Том Холланд қандай супер қаһарманды ойнағысы келер еді деген сұрағына ол: «Мүмкін 10 жылдан кейін Өрмекші адамды». Әрине, ол туралы тағы да түсірілетін болса» деген болатын. Жас актердің арманы одан ертерек орындалды.

Дубляж туралы қызықты деректер:

Астанадағы дыбыс жазу студиясында алғаш рет кастингте бас кейіпкерді дыбыстауға бірден 7 актер қатысты.

 Қазақстандық актерлардың арасында жіңішке тенор дауысын – негізінен төмен дауыстың иесін табу қиын болған.

Өрмекші адамды дыбыстаған әртістің тамағы дыбыс жазу уақытында жиі қарлығып кететін, тамағына салмақ көп түсірмеу үшін, ол күніне бірнеше сағат демалып, одан кейін қайтадан жұмысын жалғастыратын;

Өрмекші адамның ең жақын досы – Нэдты картинаның режиссері Шах-Мұрат Орбадаев дыбыстады. Фильмнің кейіпкері – дене бітімі ірі жас адам, ал дубляждың ережесі бойынша, оның дауысын дыбыстайтын актер де ұқсас болуы тиіс. Сондықтан, ресей режиссері Шах-Мұраттың кандидатурасын ұсынды, кейін ол рөлге де бекітілген болатын.

Барлығы дубляжға 30-дан астам актер қатысты. Бас кейіпкерлерді Нұркен Өтеулов (Тони Старк), Сая Тоқманғалиева (Өрмекші адамның костюмы), Айнұр Бермұхамбетова (Мэй), Шах-Мұрат Ордабаев (Нэд), Назерке Серікболова (Мишель Тумс), Әлі Марат (Флэш Томпсон) сынды актерлар дыбыстады.

Дайындаған: Айнұр РАКИШЕВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға