Жаңалықтар

«Этноауыл» ұлттық мәдени кешені ашылады

 Ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын кешен
«Этноауыл» ұлттық мәдени кешені ашылады
Фото: Нұрбек Альманбетов 06.06.2017 17:22 5039

Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені жұмыс істейді. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптейтін бірегей кешен «Қазанат» ипподромы базасында қанатын жайды. «ЭКСПО-2017» Халықаралық арнайы мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылған жобаға Мәдениет және спорт министрлігі ұйытқы болып отыр. 

«Этноауыл» –  «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында құрылған мәдени-туристік және имидждік жоба. «Этноауыл» – бұл байырғы заманға саяхаттап, өзін көшпенділер бейнесінде сезінетін, өткен жүзжылдықтын оқиғасын басынан өткеруге жағдай туғызатын мүмкіндік жасайтын ұлттық кешен. Ұлттық кешеннің басты мақсаты-келушілерге  қазақ халқының  тарихы, мәдениеті және дәстүрімен жақсы танысуына  бағытталған.

Этноауыл «Қазанат» ипподромының 2500 шаршы метр аумағында орналасқан және 40 дәстүрлі киіз үйден тұрады.  Этноауыл ұлттық-мәдени кешені  10-шы маусымнан бастап 10-шы қыркүйекке уақыт аралығын қамтиды.

Кіші сәулет нысандары – қарапайым функциялары бар ландшафты киіз үйден тұрады. Ұлттық кешен көркемдік-декоративті элементтер Этноауылдың жалпы композициясымен толықтырады.

Кешен әртүрлі бағыттардан бірнеше секторлардан тұрады. Мәслен, «Аңшылықтың дәстүрлі түрлері», «Ұлттық ойындар, «Ұлттық асхана орталығы», «Қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивалі», «Шеберлер» сынды секторлар бар. «Аңшылықтың дәстүрлі  түрлері» секторында қазақ халқының ең сүйікті түрі – саятшылық, аңшы құстармен және дала тазыларымен аңға шығу көрсетіледі. Сонымен қатар мергендердің шебер атысуын тамашалауға болады.

Ұлтық ойындардың барлық уақытта және кез келген дәірде де Қазақстан халқы үшін жоғары қоғамдық маңызы болды. Бұлардың барлығы ежелден келе жатыр және өзінің даму деңгейінде бірқатар нысандары өзгеріске ұшырады, олар қалыптасқан қоғам ішіндегі қарым-қатынасқа және шаруашылық қызметінің түріне сәйкес өзгеріп отырған. Қазақтардың ұлттық дәстүрін насихаттау және көрсету мақсатында кешенде ұлттық дәстүрлер айшықты түрде ұсынылады. «Ұлттық ойындар» секторында келушілерге тәрбиелік, дәстүрлік, әскери-спорттық, көпшілік-эстетикалық, коммуникативтік және өзге қоғамдық міндеттер атқаратын ойын-сауықтар мен ұлттық ойындар көрсетіледі.  «Сайыс», «Қыз қуу», «Күміс алу», «Алтыбақан» және тағы басқа ойын түрлері ойнатылады.

Ал, «Ұлттық асхана орталығы» секторында қатысушылар мен қонақтар біздің қонақжайлығымыздың ежелгі және бай тарихына жол тартады, қазақтың ұлттық тағамдарының көптүрлілігі мен ерекшелігі тураплы көбірек білуге және бағалауға болады. Сектордың символы  жаюлы ақ мерекелік дастархан, бұл жерде кез келген келуші ұлттық тағамдардан дәм татуға және дәстүрлі сусындар-қымыз бен шұбаттан ішуіне болады.

Этноауыл жобасының мерекелік іс-шаралары ішіндегі ең күттіретін жайт-қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивалі болып табылады. «Қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивалі» секторында қонақтар үшін көшпенділер мен қазіргі заманғы Қазақстанның мәдениетінің көптүрлілігі жеткізетін және көрсететін толыққандыбағдарлама ұсынылады.

«Шеберлер» секторында этникалық қолданбалы өнер шеберлерінің экспозициясы орналасқан.Бұл жердегі басты мақсат-дамып келе жатқан Қазақстанның мәдениетіндегі әртүрлілігін көрсетіп, ел дамуы тарихындағы сатылармен таныстыру болады. Осы  жанрға- көркемсурет, графика, сәулет, гобелен, зергерлік бұйымдар, ағаштан мүсіндеу, керамика, сызба, кесте тігумен қоса киіз басуды  қазіргі заманғы жас суретшілер өз шығармашылығы мен шеберліктерін көрсетеді. Бұл сайыстарға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген шеберлер қатысады. Бұл көрмедегі жасалған бұйымдарды сатып алып қана қоймай , жасалу процесінде  де бола алады.

«Этноауыл» жобасының мерекелік іс-шаралары ішінде – «Қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивалі» асa маңызды рөл атқарады. Себебі, қонақтар үшін бұл фестиваль көшпенділер мен қазіргі заманғы Қазақстанның мәдениетінің көптүрлілігін көрсетіп , жеткізу толыққанды болуы тиіс.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – қазіргі заманғы дамып келе жатқан Қазақстанның мәдени әртүрлілігін көрсету, қонақтарды ұсынылған экспозициялық кешендер арқылы ел дамуы тарихының әр сатысымен таныстыру және әртүрлі жанрда-көркемсурет, графика,сәулет,гобелен,зергерлік бұйымдар , ағаштан мүсіндеу, керамика, сызба,кесте тігу,киіз басу-қазіргі заманғы жас суретшілердің шығармашылығы мен шеберлігін көрсету.

Қанағатов Елсияр, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

Спорттық жарыстардан Көкпардан – әлем чемпионы, аударыспақтан – әлем  кубогы  және Жамбы атудан – халықаралық жарыс  болады. Билеттердің құны 300 тенгеден бастап 2000 теңгеге дейін барады. Ал, ұлттық жорға жарысы спортына Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресей Федерациясы, Черкез Республикасынан, Дагестаннан және Польшадан сондай-ақ қазақстандық спортшылар қатысады.  Аталмыш жарыстарға  іріктелген сәйгүліктер катысады.

 Тағы айта кететін маңызды жайт, біздің Қазақстан  Мемлекеті тарихы жағынан Венгрия Мемлекетімен байланыста болғандығы бәрімізге мәлім, осыған орай Этноауыл ұлттық-мәдени кешеніне Венгриядан «Тұран» ұлттық  қайта жандандыру қоры келеді. Онымен қатар арнайы Будапешттен 27 адамнан тұратын делегация келіп,  өздерінің ұлттық дәстүрлерін көрсетеді.

«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме, шетелдік және отандық туристерге қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін ауқымды түрде таныстырып, насихаттайтыны сөзсіз.

Шеркенова Жұлдыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға