Жаңалықтар

«Адал ұрпақ» – Қазақстан болашағы

"Жемқорлыққа қарсымыз!"
«Адал ұрпақ» – Қазақстан болашағы
21.04.2017 08:05 8325

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте «ЭКСПО-2017», «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмысын ұйымдастыру атты аудандық семинар өтті.

Өскелең ұрпақтың  бойында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру мақсатында  оқушылардан  құралған  «Адал  ұрпақ  ерікті мектеп клубының  мақсаты мектепте сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  мәдениетті  қалыптастыру, Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы көзқарасты  нығайту, білім  және  мәдениет  деңгейін  арттыру. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы рухани  адамгершілікке  және азаматтық  патриоттыққа  тәрбиелеуге  бағытталған  шыраларды іске асыру саяси-құқықтық  білімді  қалыптастыру. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Керімхан 11а, ә сыныптар арасында  «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» атты пікірталас ұйымдастырды.  Сол секілді Ұ.Қалыбаева «Жемқорлық індет-жою міндет» атты әңгіме сұхбат сабағын, А.Қыстаубаеваның ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз болашақ» атты КТК сайыстары өткізілді.

«Елбасымыздың «Қазақстанның  үшінші жаңғыруы:  Жаһандық  бәсекеге қабілеттілік»  атты жолдауы  жариаланды. Бұл  жаңғыру –қазіргі  жаһандық  сын қатерлермен  күрес  жоспары емес, болашаққа, Қазақстан-2050»  стратегиясы  мақсаттарына  бастайтын сенімді көпір болмақ. Қазақстанның  әлемдегі  аса  дамыған  30 елдің қатарына енуіне  тек  осылай  ғана қол  жеткізе  аламыз. Ендеше  бізде  оқушыларымызға  сапалы  білім,  саналы  тәрбие беріп мемлекетіміздің  өркендеуіне өз  үлесімізді  қосып  келеміз» – дейді мектеп директоры Д.Сапарымбетова. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға