Жаңалықтар

Қазақстандық 9 кәсіпорын Жапонияға жылқы етін экспорттайды

Жалпы 43 отандық ет өңдеу компаниясы өз өнімдерін Жапония аумағына экспорттай алады
Қазақстандық 9 кәсіпорын Жапонияға жылқы етін экспорттайды
Фото: 7kun.kz 04.08.2022 11:22 1505

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастықты нығайтады, деп хабарлайды El.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 9 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны енгізілді – "Kaindy" ЖШС (Алматы облысы), "ASEM-ZHETYSU" ЖШС (Алматы облысы), "Meat processing Complex Bizhan" ЖШС (Ақмола облысы), "Asyl-Asyl" (Атырау қаласы), ЖК "Kuanysh" (Атырау қаласы), ШҚ "Birlestic" (Қарағанды облысы), "EURASIA INVEST LTD" ЖШС (Қарағанды облысы), "ARAY KZ" ЖШС (Қарағанды облысы), "BEEF EXPORT GROUP" ЖШС (Қостанай облысы).

Бұған дейін аталған тізілімге 34 қазақстандық кәсіпорын енгізілген болатын. Осылайша, бүгінгі таңда жалпы 43 отандық ет өңдеу компаниясы өз өнімдерін Жапония аумағына экспорттай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға