Жаңалықтар

«95 ән шығардым». Мұрат Әбділдә түрмеде немен айналысқанын айтты

«95 ән шығардым». Мұрат Әбділдә түрмеде немен айналысқанын айтты
Фото: видеодан алынған кадр/Qogam Dauysy 18.09.2024 16:09 749

Әлеуметтік желі арқылы танымал болған Мұрат Әбділдә абақтыда бірнеше ән жазғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Qogam Dauysy подкастында сұхбат беріп, түрмеде жалқаулығынан арылғанын жеткізді.

Бостандықта жүрген кезінде дүние қуып, плагиатқа, жалқаулыққа, өтірік істерге үйреніп қалған едім. Өзім ақын болған соң кез келген шетелдік әнге сөз жазып, студияға барып, жаздыра салатынмын. Бірақ мен негізі композитормын. Қазақ елі менің композитор екенімді біледі. 22 әнімің біреуі өзімдікі. Сол жаққа барып, Алланың қалауымен 95 ән шығарып қайттым. Ешқандай плагиат емес, қазақтың бір жігітінің шығарған әні деп білсеңіздер екен. Сөзін де өзім жаздым, – деді Мұрат Әбділдә. 

Ол қыркүйек айының соңында «Маған ұнайсың» деген әнін көпшілікке ұсынатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға