ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының Айдарлы ауылына барып, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесімен танысты. Елді мекенде 120 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 5-і ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 34-і жеке кәсіпкер, 81-і шаруа қожалығы. Мұндағы кәсіпкерлердің қай-қайсысы да көпке үлгі бола алады. Мәселен, Мұрат Әйменов есімді кәсіпкер құс фермасын ашу үшін 90 млн теңге несие алып, оны небәрі 3 жылда жауып тастаған. Қалай жапқанын білгіңіз келсе, бағдарламаны көріңіз.