Жаңалықтар

9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 09.09.2024 06:35 308

9 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға