9 аймақта оқушылар онлайн оқуға көшті
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
19.02.2024 09:06
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Қазақстанның тоғыз облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райына байланысты Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Семей, Түркістан, Петропавлда мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды. Сондай-ақ
Қызылорданың бастауыш сынып оқушылары (0-4 сынып) да қашықтан оқымақ.

