Жаңалықтар

8 наурыз: Қандай сыйлық алайын?

8 наурыз - әйелдердің халықаралық мерекесі. Қыздар көңілденіп, жігіттер жүгіретін өзгеше мереке.
05.03.2014 05:09 17462

Әні-міні дегенше көктем келді де, жылдың алғашқы мерекелері жетті. 8 наурыз - әйелдердің халықаралық мерекесі. Қыздар көңілденіп, жігіттер жүгіретін өзгеше мереке. Жігіттердің не сыйлайтынын ертең білерміз, алдымен қыздардың сыйлыққа не алғысы келетінін біліп алайық...

8 наурыз: Қандай сыйлық алайын?

Сонымен, қыз келіншектерге қойылған 4 сауал төмендегідей:

1) 8 наурыз Сіз үшін нағыз мереке ме? Әлде, Жаңа жыл секілді мәнін жоғалтатын ғұмырсыз мереке ме?

2) Өміріңіздегі осы мерекеде алған ең ерекше сыйлықты атаңызшы, (қашан кімнен)

3) Биыл қандай сыйлық алғыңыз келеді?

4) Өзіңіз дайынсыз ба? Кімдерге не сыйлық алдыңыз?

 

Назгүл Қожабекова, журналист

8 наурыз: Қандай сыйлық алайын?1) 8 наурыз мен үшін ең алдымен демалыс күні. Және, бейсенбі, сенбі, жексенбі күндеріне тура келсе тіпті жақсы. Мейрамдығы да бар аздап. Бала күнімізде, міндетті түрде апамызға, шешемізге, ес білген соң, жеңгелеріміз қосылды, бір бір орамал сыйлық жасап, ана туралы әндерден концерт қойып беретінбіз. Қазір де, арнайы сыйлық жасауға тырысамын. Мәні жоқ мейрам деуге келмейді. Бала күнімізден «қыздар күні» болып келеді, солай болып қалады. Оның арғы-бергі тарихында, шын айтса, шаруам жоқ. Қыздардың әйтеуір өзі болып бір жасарып шығатын күні ғой. Оның үстіне, наурыздың, көктемнің басында.

2) Осы мерекеде алған ерекше сыйлығым – былтыр балам өз қолымен түрлі-түсті қағаздан жасап сыйлаған открытка болды. Ал ересек адамнан алған ерекше сыйлығым – ол да былтыр, досым түскі тамаққа шақырып, жұмыстан келіп алып кеткен. Түстеніп, қайтып келсем, үстелімнің үстінде гүл жатыр. Сөйтсем, ертерек келіп, есік алдындағы қарауылға тастап кетіпті, әдейі мен жоқ кезде столыма апарып қойсын деп. Өмірі есімнен кетпейтін шығар. J

3) Мен жалпы, ешқашан сыйлықты жоспарлап алмаймын. Сыйлық ол сыйлық қой. Қымбат, бағалы сыйлық жасайды-ау деп дәмететін жақын адамым болмаған соң, бұйырғаны болады да. J Әйтпес, Samsung Galaxy S5 шығып жатыр дейді.... J

4) Әлі дайын емеспін. Биыл, бұрынғы сыйлық жасау керек адамдардың тізіміне тағы алты адам қосылды: қызымның мұғалімдері. Оның алдында ұлымның үш мұғалімі бар. Екі апамыз бар. Бір жеңгеміз бар. Төрт кішкентай қыз бар. Осылардың бәріне шатаспай сыйлық алу керек. Әлден басым қатып отыр.

Ая Өміртай, журналист

8 наурыз: Қандай сыйлық алайын?1) Иә, өз алдына нағыз мереке бір жыл бойы күтетін. Әшейінде қабағы қатулы жүретін қыздардың барлығы ерекше мейірбан болып, жүздері бақыттан бал-бұл жайнап жүреді. Осы күні көшеде жүрсең сол бақыттың нұры жайнаған шат-шадыман бейнелерді көріп кәдімгідей дем аласың. Ертесінде тоғызыншы наурыз болса да көшеде гүл ұстаған қыздар толастамайды ғой. Бірде сол күні гүлсіз көшеге шығып, өзімді сыйлықсыз қалған жандай сезініп қалғаным бар. Сосын айтамын ғой, бөлмедегі гүлдерімді ұстап шығуым керек еді деп)) Жақсы көру, махаббатты сезіну деген ерекше ғой.

2) Жас кезімде бір ақынға ғашық болғанмын. Әлгі адаммен тіл қатысып қалу деген маған тілмен жеткізе алмайтын ерекше сезім еді. Сол мереке күні әлгі баладан бір шумақ құттықтау смс хатын алып, кәдімгідей қуанғаным есімде. Бірақ енді шын көңілден айтылған құттықтау мен риясыз берілген сыйлықтың бәрі құнды мен үшін.

3) Біз тұратын үйдегі көрші қызға "валентин" күні жігіті су жаңа машина сыйлады. Бепілдетіп келіп аулаға әкелгенде өзім куә болғанмын. Бірақ күнде қарап қоямын, ол машинаны ешкім айдаған жоқ неге екенін қайдам. Сондай сыйлықтар болса күшті ғой. Айтпақшы, қазақша алқа-сырға, тұмарқабын сыйлыққа алғым келеді

4) Анамды, маған әлдеқандай туыстық, достық қатысы бар барша-қыз келіншектерді құттықтаймын. Және әжем бар. Сіңлім бір қымбатырақ көйлекке қызығып жүрген. Соны алатын шығармыз, бәрі бір ортақ болады ғой. Негізі екеуіміздің размеріміз бірдей))

 
Эльвира Ерғалина, блогер

8 наурыз: Қандай сыйлық алайын?1) Мен үшін 8 наурыз - үлкен, атаулы мереке. Осы уақытқа дейін тойланып келіп, кенеттен ұйқысынан шошып оянған адамның кейпінде бұл мерекені "танымаймын" деп шығуымыз дұрыс емес. Әйелдерді сыйлау бұл күнге қарап қалмаса да, оларды күйбең тіршіліктен арылтып, көңілдерін аулап, жүзіне күлкі сыйлауда тұрған ештеңе жоқ. Әйелдер де дәл осы күні барынша еркелеп қалуға тырысады. Мен тойлаймын

2) Ең ерекше сыйлық Эйр Астана компаниясынан болған  Өткен жылдардың бірінде Астана қаласынан Алматыға ұштым дәл 8 наурыз күні. Ұшаққа кірген бойда стюард қыздарға әдемі қораппен қапталған сыйлық тапсырды. Алматыға қонғанша сол қораптың ішінде не бар екенін біле алмай, жарылып кете жаздағаным бар. Сол жерде ашып қарайын десем, айналамдағылардан ұят сияқты  Ал, ең бағалы сыйлық - гауһар тасты жүзік. Кімнен екенін айтқым келмейді

3) Ой, маған келер сыйлықты таңдауға мүмкіндік берілсе және құнынан шектеу қойылмаса, бірден "Астанадан үй сыйлаңызшы" дер едім  Пәтерден пәтерге көшуден шаршадым. Өзімнің үй алу мүмкіндігімді девальвация біраз жылға шегеріп тастады.

4) Дайынмын. Сыйлықты қабылдауға әр тәулікте 24 сағат бойы дайынмын ғой  Ал, анамды, жеңгелерім мен құрбыларымды құттықтауға әлі дайындалған жоқпын. Себебін білмеймін. Жақындаған соң ғана жанұшыра жүгіретін шығармын сыйлық түгендеуге. Сіздің сұрағыңыздан кейін ойланып отырмын, міне, енді кірісемінJ

 

Әйгерім Жакина, «Қазконтент» АҚ Талдау және жобаларды басқару департаментінің бас маманы

8 наурыз: Қандай сыйлық алайын?1) 8 Наурыз – мен үшін аса қымбат мейрам, болашақта да мәні өзгермейді деген үміттемін. Оның себебі біріншіден көктемнің бірінші мейрамы, екіншіден мен үшін 8 Наурыз - «Аналар мейрамы», кішкентай кезімнен әкем осы мейрамда анам екеуімізге сыйлық сыйлап, отбасымызбен әжемізді құттықтауға баратын едік. Осыған қоса қазіргі уақытта бұл мейрамның мазмұны сәл өзгеріп, аруларымыз өздерінің әйел заты екенін есіне алатын күн, себебі қазір әйел адамның қоғамдағы ролі барынша артты, олар қазір ер адам айналысатын кәсіптерге де белсене араласып жатыр.

2) Мен үшін әр сыйлық қымбат. Өйткені, сол сыйлықты таңдау үшін, мені қуанту үшін уақытын бөлді. Сондықтан, кез-келген сыйлыққа риза боламын. Ал, жаныма жақын, ерекше сыйлықтар ол Әкемнің сыйлықтары.

3) Сыйлыққа тапсырыс беріп көрмеппін, бірақ арулардың көпшілігі сияқты гүл, парфюмерия және де ары қарай тізім кете береді)))

4) Ең бастысы анама сыйлық алдым, бір сыйлықпен шектелмеймін деген ойдамын)))

Мақпал Мадиярова, «Хабар» телеарнасының журналисі

8 наурыз: Қандай сыйлық алайын?1) Оқушы кезде кластас ұлдар бір тал пластмас гүл мен әтір сабын, беторамал сыйлайтын. Соған бала көңіл ғой... Мәз болатынбыз. Кейінірек студент кезде бір тал шын гүл мен май-шүйде сыйлықтар алып тұрдық. Сол шақта мерекені сезінетінбіз. Қазір, бәлкім есейдік,бәлкім, сыйлықсыздық)))... Білмеймін... Бүгінде бұл мереке мен үшін жай күндердің қатарында... Ескірмейтін ештеңе жоқ қой. Жыл жылыстаған сайын мазмұны сұйылатын шығар?.. Білмеймін...   

2) ҚазҰУ-да. 21 жаста едім... Мен ерекше құрметтейтін, ерекше жақсы көретін бір адам бар... Сол ғой сыйлық иесі...

3) Мен бір адамнан кез келген мереке сайын смс күтем. Биыл келмейтін шығар...

4) Әрине, ауылдағы анама сыйлық алдым. Сосын Әсел деген досым бар. Соған бірдеңе сыйлайтын шығармын)))

Динара Болат, психолог

8 наурыз: Қандай сыйлық алайын?8 наурыз халықаралық әйелдер күні -  әйел затын ардақтап, ұлықтайтын жылына бір келетін жалғыз мереке. Сондықтан, оны ерекше қуанышпен күтемін. Дегенмен, көкейде Клара Цеткин бастаған емес, қазақ болып, ұлт болып тойлайтын «Аналар күні»  мерекесі болса деген арман бар. Әдетте, мереке қарсаңында тек әже, аналарымды құттықтауды жоспарлаймын да, ал өзім тауым шағылып қалмас үшін ешкімнен нақты ешнәрсе күтпеймін. Биыл да солай...

Әсия Бағдәулетқызы, киносыншы, театр зерттеушісі

8 наурыз: Қандай сыйлық алайын?1) Өзім күтетін үш мереке болса, соның бірі 8 наурыз. Барша әйел заты өзін сүйікті, сүйкімді сезінетін, көшелер мен көңілдерде жауқазындар жайнайтын тамаша мейрам. Сондықтан оны әлдебір себептермен тыйып тастағысы келетіндерді түсінбеймін. Сүйіспеншілік пен сұлулық артық етуші ме еді?!))

2) Үш жыл бұрын, бір құшақ гүл көтерген бейтаныс жігіт пәтердің есігін қақты. Ол тасымалдаушы, ал гүлді жіберген - басқа қаладағы досым екен. Ғаламтор көп дүниені жеңілдетті ғой, бірақ сол кезде шынында да таңқалдым. Бәлкім, содан есімде қалған шығар)

 3) Сыйлыққа келгенде кірпияз емеспін, мырза көңіліңіз қалаған кез келген сыйлықты қабылдауға дайынмын))

4) Жаңа жылда иесін таппаған бірнеше сыйлық 8 наурызды күтіп сарғайып тұр. Одан өзгесін әзірге алғаным жоқ. Дегенмен анамды, сіңлімді, жақын құрбыларымды сыйлықсыз қалдырмауға тырысатыным анық.

El.kz ӘЖ 

Ел Тұтқа

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға