Жаңалықтар

8 мың жас «Болашақ» бағдарламасымен білім алған

Білім және ғылым
11.05.2016 05:08 4238

«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов жастармен кездесу өткізді. Халық қалаулысы студенттерге жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар туралы әңгімелеп берді.

8 мың жас «Болашақ» бағдарламасымен білім алған 

Оның айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының арқасында қазақстандық 8 мың жас шетелде білім алған.

«Қазақстанға өзге елдерден келген әріптестеріміз, депутаттар «Болашақ» бағдарламасының жемісті жұмыс істеп жатқанына таңданыс білдіреді. Мемлекет жастардың әлемдегі үздік университеттерде білім алып, әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы үшін мақсатты түрде қаражат бөліп отыр. Мемлекеттік органдарда, министрліктер мен облыс басшылығында жұмыс істеп жатқан «Болашақ» бағдарламасының түлектері көп.Бағдарламаның 6025 түлегі жұмысқа орналастырылған. Бұл 95% құрайды. Жоғары білікті мамандарға қызығушылық білдіретін жұмыс берушілер тарапынан болашақтықтарға сұраныс жоғары», – Ш.Өтемісов.

Сонымен қатар депутат «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы туралы әңгімелеп, қазіргі таңда мемлекет жастар үшін жақсы жағдайлар жасалып жатқанын айтып берді.

 8 мың жас «Болашақ» бағдарламасымен білім алған

«Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы аясында «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша «Жас отбасы» бағдарламасы іске асырылуда. Ол бойынша бастапқы жинақ ақшасы жоқ жандар баспаналы бола алады. Ұлт жоспары мен кәсіби мемлекет туралы алғашқы институционалдық реформаға сәйкес, мемлекеттік қызметтің жұмыс механизмдері жетілдірілді. Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік қызметке меритократия қағидасы бойынша қабылданады. Жастарды, әсіресе, ауылда жұмысқа орналастыру мәселесі шешілуде. Осы уақытқа дейін ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында маман тапшы болып келді.Бағдарлама іске қосылғалы беру елімізде 44787 жас маман дипломмен ауылға келіп, 17 мыңнан астам адам бағдарламаның шарттары бойынша ауылда баспанаға қол жеткізді. Қазір ауыл тұрғындарымен кездескен кезімізде осындай бағдарламаны іске асырып, ауылды мамандармен қамтамасыз етіп жатқан мемлекетке ризашылықтарын білдіріп жатады», – деді депутат.


Дереккөз: Bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға