Жаңалықтар

86 жастағы зейнеткер алғашқы махаббатына үйленді

86 жастағы зейнеткер алғашқы махаббатына үйленді
Фото: © Unplash 02.05.2024 17:49 1632

Қытайда 86 жастағы қария студент кезіндегі алғашқы махаббатымен қосылды. 60 жыл өткен соң ерлі-зайыпты салтанатты үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл махаббат оқиғасы Қытайда резонанс тудырды. Олар  Бейжің университетінде танысып, кездескен. Бірақ оқу біткеннен кейін жастардың жолы екіге бөлінген.

Екеуі де отбасын құрған. Олар жұбайлары қайтыс болған соң, қосылуды ұйғарыпты.  Чжоу мен Янның үйленуіне арналған шараға тек жақын достары мен туыстары қатысты.

Олар бұл оқиғаны 60 жыл күткен екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға