Жаңалықтар

8 жоба бойынша бюджет шығыны 10 млрд теңгеге төмендетілді

8 жоба бойынша бюджет шығыны 10 млрд теңгеге төмендетілді
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі 23.11.2023 11:13 625

ҚМА мемлекеттің негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында ірі объектілердің құрылысына мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, "Мемсараптама" РМК көмегімен Астананың энергия торабындағы апатқа қарсы автоматиканы модернизациялау бойынша жоба құны 1,9 млрд теңгеге арзандатылды. Мұнда жобаны әзірлеушілер электр шкафтарының бағасын негізсіз қымбаттатқан.

Тағы бір жағдайда Астанада құбыр бағасын өсіруге байланысты магистральдық айналма кәріз коллекторын салу құны 5,3 млрд теңгеге арзандатылды.

Петропавлдағы Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу кезінде электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды. Нәтижесінде 2,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді, - делінген ақпаратта.


Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыс әкімдіктерімен тағы 24 нысан бойынша мемлекет шығындарын 13 млрд теңгеге төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, Қарағандыда өндірістік ағындар мен жерүсті сарқынды суларын тазартатын құрылыс жобасы бойынша жабдықтың тек үш түрінің ғана құны 541 млн теңгеге асырылды, - делінген ҚМА мәліметінде.


Жалпы алғанда, 8 жоба бойынша екі айдың ішінде бюджет шығындары 10 млрд теңгеге төмендетілді.

Бұл жұмыс әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту процесіне қатысушылар тарапынан жымқыру фактілерінің алдын алуға және оларды қылмыстық жауапкершілік пен сот талқылауларына тартудан қорғауға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға