Жаңалықтар

8 тамызға арналған ауа райы болжамы

8 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 08.08.2024 04:16 415

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 8 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайды: найзағаймен, бұршақпен және дауылмен жаңбыр жауып, еліміздің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан,  Ұлытау, Жетісу облыстарында, Абай облысының  оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, Алматы облысының сошлтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының шығысында,  Қарағанды облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Алматы, облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстік бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе,  Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға