Жаңалықтар

8 облыс пен 1 мегаполисте дауылды ескерту жарияланды

8 облыс пен 1 мегаполисте дауылды ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.01.2024 04:13 617

«Қазгидромет» РМК мамандары 25 қаңтарға арналған ауа райын болжамын ұсынды. Қазақстанның 8 өңірі мен 1 республикалық маңызы бар қаласында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 қаңтарда Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді деп болжанып отыр. 

Ал Қызылорда облысында қар жауады деген болжам бар. Облыс орталығында, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі.  

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді деген болжам бар.

Қостанай облысында қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман күтіледі.

25 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деген болжам бар. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал.

Оқи отырыңыз: 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанып отыр.

25 қаңтарда таңертең және күндіз Түркістан облысының орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыс орталығында, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістан қаласында 25 қаңтарда таңертең және күндіз көктайғақ болады. Кей уақытта тұман түседі деген болжам бар. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Шымкент қаласында 25 қаңтарда күннің соңында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Кей уақытта тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады. Күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға