8 наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар қосымша демалыс күнін алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні сенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн – 8, 9 және 10 наурызда демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін тек 8 және 9 наурыз демалыс болып, 10 наурыз – жұмыс күні болып есептеледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми мәліметіне сәйкес, Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) бүкіл әлемде атап өтіледі. Бұл мереке ұлттық шекараларға, этникалық, тілдік, мәдени, экономикалық және саяси ерекшеліктерге қарамастан, әйелдердің қоғамдағы рөлін айшықтауға және олардың жетістіктерін тануға бағытталған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

