700 млн теңге жымқырған: Шымкентте аудан әкімдігінің қызметкері ұсталды
20.09.2023 10:18
Фото:
© El.kz / Нұркен Алишев
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан.
Ол 700 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

