"7 жылға сотталуы мүмкін". ШҚО-да Ленин ескерткішін трактормен құлатып алған жүргізушіге іс қозғалып жатыр
Фото: © yk-news.kz / Любовь КОЖЕВНИКОВА
Фото: © yk-news.kz / Любовь КОЖЕВНИКОВА
19.08.2023 17:58
4702
Шығыс Қазақстанда Ленин ескерткішін құлатқандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу аясында полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Алтай қаласының орталық алаңында 15 тамыздан бастап қайта құру жұмыстары басталған еді. Жобада Ленин ескерткішінің тұғырын жаңарту да қарастырылған. Тұғыр тақталары бөлшектелді. Мердігердің айтуынша, қалпына келтіру кезінде мүсінді зақымдамау үшін алып тастауды ұсынған. Алайда, жұмыс кезінде ескерткіш, оның айтуынша, "өзі құлап қалған".
Дегенмен, әлеуметтік желілерде Ленин ескерткішінің жүк тиегішке ілінген бейнежазбасы тараған болатын.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 203-бабының 1-бөлігі "Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алынған объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жаза ретінде үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі күні аталған іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатқан көрінеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Асқар Забикулинді еске алу турнирі мәресіне жетті