«7 – қазақ үшін қасиетті сан». Димаш Құдайберген ерекше мәлімдеме жасады
31.01.2024 14:01
Фото:
instagram.com/kudaibergenov.dimash
2024 жылғы 30 қаңтарда халық әртісі Димаш Құдайберген әлемнің түкпір-түкпірінен қолдау көрсететін жанкүйерлеріне алғысын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті достар, сүйікті Dears! Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз.
Өздеріңіз білесіздер, 7 саны – қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын. Шығармашылығымды сіздермен бөлісіп, паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын.Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар! – деді Димаш.
Әншінің жанкүйері де оған жылы лебіздерін білдіріп, оның ерекше дауысына, көркем мінезіне, сымбатына тәнті екенін жеткізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

