Жаңалықтар

«7 қабаттан секірген». Курсанттың өліміне қатысты тың дерек айтылды

«7 қабаттан секірген». Курсанттың өліміне қатысты тың дерек айтылды
Фото: Видеодан алынған кадр 06.02.2024 11:20 2527

Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың өліміне қатысты тың дерек айтылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнасына сілтеме жасап.

Курсанттың денесі Талдықорған қаласындағы Назарбаев көшесінен табылған. Асылжан Абдуллаев жетінші қабаттан пәтер жалдап, терезеден секіріп кеткен.  Қысқы демалысқа үйіне келген оны әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жіберген. Бірақ ол Талдықорғанда суицид жасағаны белгілі болды.

Әкесі де, мен де ерекше жақсы көрдім. Мінезі өте жақсы. Классында да, ортасында да сыйлы, бәрімен жақсы араласты. Бәрі «Аса» деп еркелетіп, достарының алдында беделі болды. Үйден шыққанда да, көңіл-күйі жақсы болған, – деді марқұмның анасы Анаргүл Мыңжасарова. 

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу бастаған полиция жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын анықтауға кірісті.

Полицейлер өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

«Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді» дегенмен марқұмның туыстары келіспейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға