Жаңалықтар

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді
7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: pixabay.com 29.10.2022 03:07 2220

Қазгидромет 29 қазан күні бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Түнде және таңертең  Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.

 
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
 
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

30 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең 29-30 қазанда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 30 қазанда екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қаласында түнде және таңертең 29-30 қазанда тұман күтіледі. Күндіз 30 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға